ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 3 ЖАЙЛЫ МЕКТЕП ПЕН ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНУДА
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысы, Келес ауданында 3 мектептің құрылысы басталған. Қазіргі таңда 1 мектептің құрылысы аяқталып, 2 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Нақтырақ айтқанда, Ғани Мұратбаев елді мекені мен Абай ауылында 600 орындық, Біртілек елді мекенінде 300 орындық білім ұялары бой көтеруде.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Келес ауданына жұмыс сапары барысында Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Ғани Мұратбаев елді мекеніндегі жайлы мектептің құрылыс барысын тексеріп, мердігерлерге нақты тапсырмалар берді.
Білім ұясы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырысымен салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарын «КДСМ» ЖШС жүргізуде. 2,2 гектар аумақта орналасқан мектеп ғимаратының жалпы ауданы – 4710 шаршы метр. Мұнда 50 жұмыс орны ашылады. Нысанның құрылыс жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға қабылданған. Мектепті өңірде шығарылатын отандық жиһаздармен жабдықтау жоспарланған. Бүгінде «Ақниет холдинг» ҚБ жиһаздарды орнату жұмыстарын жүргізуде. Білім ұясын жуық арада пайдалануға беру көзделген.
Одан кейін, аймақ басшысы Жаңадәуір ауылында орналасқан «ECOCULTURE-EURASIA» ЖШС-нің жылыжай кешенінде болды.
Кешеннің І кезеңі биыл жүзеге асады. Жылыжай 51 гектарға орналасқан. Бұл жобаны 2023 жылы ресейлік жеке инвестор қолға алды. Жобаның құны – 42 млрд. теңге. Нысан соңғы үлгідегі ресейлік технологиямен құрылуда. Өнімнің негізгі бөлігі Ресей Федерациясына экспортталады. Жалпы жылыжай кешенін 500 гектар аумаққа орналастыру жоспарланған. Жоба 6 кезеңмен жүзеге аспақ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
16.02.2025
223
Ұқсас жаңалықтар
Бас прокуратураның баспасөз қызметі - 24.02.2025 1262