ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ «ФАРАБ» КІТАПХАНАСЫНДА КӨРІСУ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ «ФАРАБ» КІТАПХАНАСЫНДА КӨРІСУ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ
Бүгін облыстық «Фараб» кітапханасында Көрісу күні – Амал мерекесіне орай «Жаңа өмір – Жаңа күн» атты мерекелік шара өтті. Іс-шара Наурызнама онкүндігі аясында ұйымдастырылды.
Мерекелік шараны Түркістан облыстық маслихатының депутаты Инара Намазбаева және облыстық «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова құттықтау сөз алып, жиналған көпшілікке мерекенің маңызы мен негізі жайлы сөз қозғады. Мереке күні Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұжымы арнайы көрісуге келді.
Кітапхана оқырмандары, өнерпаздар өлең оқып, ән шырқап, би билеп мерекенің көркін кіргізді. Қонақтар мерекенің сәні болған Наурыз көжеден дәм татты. Кітапханашылардың сомдауында «Ұмай ана» көрінісі сахналанды.
Алдагерлер және әжелер алқасының мүшелері ізгі тілектерін білдіріп, барша жиналған көпшілікті мерекемен құттықтады. Шара соңында өнерпаздарға кітапхана директорының атынан арнайы алғыс хат табысталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
14.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕТІСАЙДА ШЕКАРАШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 05.05.2024 22
ТАРАЗДА ФУТЗАЛДАН ЖАРЫС БАСТАЛДЫ
Сарысу ауданы әкімдігі - 05.05.2024 12
Экологиялық акция жалғасып келеді
«Aq jol» газетінің тілшілер тобы - 05.05.2024 14
ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 138

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1270
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7317
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11184
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7375
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7524