Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды: Бизнес субъектілерінің саны – 184 579

Түркістан облысы әкімі   Дархан Сатыбалды:  Бизнес   субъектілерінің саны – 184 579

«Былтыр жалпы өңірлік өнім көлемі 3 триллион теңгені құрады, ал ауылшаруашылығындағы өнім көлемі алғаш рет 1 триллион теңгеден асты. Салаға 75 миллиард теңге инвестиция тартылды. Сонымен қатар шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 184 579-ға жетті. Өңірде су құбыры бұрын-соңды болмаған жеті елді мекен ауызсумен қамтамасыз етілді. Биыл 25 елді мекенге ауызсу құбырын тартып, тозығы жеткен сумен қамтамасыз ету желісін жаңарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ 56 елді мекен табиғи газ құбырына қосылып, 47 елді мекеннің электр желілері жаңартылады. Өткен жылы 54 мектептің құрылысы жүргізіліп, оның 21-і пайдалануға берілді. Биыл тағы 20 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 63 білім мекемесінің құрылысы мақұлданды. Бұдан бөлек, биыл ауылдық жерлерде 49 медицина нысаны салынады. Былтыр жалпы өңірлік өнім көлемі 3 триллион теңгені құраған, ал ауылшаруашылығындағы өнім көлемі алғаш рет 1 триллион теңгеден асқан. Бұл салаға 75 миллиард теңге инвестиция тартылған. Сонымен қатар шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 184 579-ға жеткен. Сырдария өзені бойындағы елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу үшін жұмыстар жүргізілді. Алдын ала қамданғанның нәтижесінде бес аудандағы 43 елді мекенді су басу қаупі жойылды. Толассыз жауған нөсер жауын салдарынан бірқатар ауданда жекелеген үй аулаларын су басып қалғандықтан, 200-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір жағдай тұрақтанып, тұрғындар үйлеріне оралды. Арнайы комиссия шығын көлемін анықтап жатыр», – деп баяндады. 

 

Ермек Сахариев
16.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3955
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4139
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19074
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17746
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21175