ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 40 ОТБАСЫНА ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТІ ТАПСЫРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 40 ОТБАСЫНА ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТІ ТАПСЫРЫЛДЫ
✔️Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту бағытында тиісті жұмыстар жалғасып жатыр. Осы ретте Қазығұрт ауылында 2 қабатты, 8 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды. Бүгін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ауданға іссапарында тұрғын үй кезегінде тұрған 40 отбасына жаңа пәтер кілттерін тапсырды.
✔️– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тұрғындарды баспанамен қамту бойынша жүйелі жұмыс атқаруды тапсырды. Өңірімізде жыл сайын құрылыс қарқыны артып, көпқабатты үйлер салынуда. Бүгін қазығұрттық тұрғындар да қуанышқа кенеліп отыр. Баршаңызды баспаналарыңызбен құттықтаймын! – деді Нұралхан Көшеров.
🔁Қуанышқа кенелген тұрғындар ел азаматтарына алғыстарын білдірді.
✔️Бұл үйлердің құрылысы былтыр наурыз айында басталып, жыл соңында аяқталған. Құрылысты «Урба Стандарт» ЖШС атқарды. 1 тұрғын үйде 8 пәтерден бар. Оның ішінде1 бөлмелі 2 пәтер (36,4 м²), 2 бөлмелі 4 пәтер (59,4 және 52,2 м²) және 3 бөлмелі 2 пәтерден (74,8 м²) бар.
✔️Айта кетейік, Түркістан облысы құрылғалы, яғни 2018-2024 жылдар аралығында 14 мыңнан аса отбасы тұрғын үймен қамтылды. Оның ішінде, коммуналдық тұрғын үймен 7 567 отбасы, ал «7-20-25» және «Отбасы банк» бағдарламалары арқылы 6 594 отбасы ипотекалық тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Осы жерде динамикаға қарайтын болсақ, жылына шамамен коммуналдық тұрғын үй қорынан және түрлі ипотекалық бағдарламалар арқылы 2 200-ге жуық пәтер табысталуда. Өткен жылдың өзінде ел 1174 коммуналдық үймен және 977 тұрғын ипотекалық үймен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
16.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

Негізгі миссия - Заң және тәртіп
Бас прокуратураның баспасөз қызметі - 24.02.2025 1262
МАҚТААРАЛДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАРАФОН ЖАҢАЖОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 19.02.2025 46
ЖЕТІСАЙДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 19.02.2025 40
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 19.02.2025 60
ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 19.02.2025 73

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 15411
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 14175
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 17475
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 16343
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 21400