ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ 40 ОТБАСЫ ЖАҢА БАСПАНАҒА ИЕ БОЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ 40 ОТБАСЫ ЖАҢА БАСПАНАҒА ИЕ БОЛДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әл-ауқатын, өмір сапасын жақсартуды тапсырған болатын. Түркістан облысында өңір басшысы Дархан Сатыбалдының бастамасымен осы бағытта ауқымды жұмыс жүруде. Тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтармен көп балалы отбасыларды үймен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы сәйкес, Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында Шардарада үй кезегінде тұрған 40 отбасы баспаналы болды. Тұрғын үй кілтін аудан әкімі Арман Қарсыбаев тапсырып, үй иелерін қуаныштарымен құттықтап, мемлекет тарапынан қолға алынған бағдарлама аясында салынған 40 пәтерлі тұрғын үй кешенінің жаңа пәтер кілттерін табыстады.
– Мемлекет басшысының бастамасымен көптеген шаруалар қолға алынып, қаншама нысандар ашылуда. Биыл Шардара ауданында да көптеген нысандар пайдалануға беріліп жатыр. Біздің мақсат – аудан тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту. Міне бүгін қаламыздағы «Әсемай» мөлтек ауданындағы 40 пәтерлі тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілуде. Ауданда атқарылып жатқан барша жұмыстар мен игі бастамалар ауданымыздың тұрғындары үшін жасалып келеді. Осындай қуанышты сәтте пәтер иелеріне үйлеріңізде әрқашан да жылылық пен қуаныш болсын деген тілек білдіремін. Жаңа жылмен бірге келген жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! – деген Арман Қарсыбаев тұрғындарды құттықтады.
Баспаналы болған тұрғындар Жаңа жылды жаңа үйде қарсы алатындарына ризашылықтарын білдіріп, ел азаматтарына алғыстарын жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
25.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 513
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 619
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 623
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 615
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 620
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 395

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11700
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10629
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13862
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12820
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17825