Түркістан облысына Дархан Сатыбалды тағайындалды

Түркістан облысына Дархан Сатыбалды тағайындалды

Бүгін Түркістан облысында жаңа әкім сайлауы өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу Түркістан қаласына келіп, Түркістан облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты. Түркістан облысы мәслихаты депутаттарының бұл жолғы бірлескен сессиясына 286 депутат қатысты. Әлихан Смайылов депутаттарға ҚР Президентінің Түркістан облысының әкімі қызметіне Ұласбек Сәдібеков пен Дархан Сатыбалдының кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді.

Ұласбек Сәдібеков облыс әкімінің орынбасары, ҚР Мәжіліс депутаты болған. Қазір Сайрам ауданының әкімі. Дархан Сатыбалды Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Сенат депутаты қызметтерін атқарған. Бүгінге дейін Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болды.

Әкім таңдау жиынында депутаттар дауыс беруді ашық түрде жүргізу туралы шешім қабылдады. Кандидаттар өздерінің бағдарламаларын таныстырды. Естеріңізге сала кетсек, 24 тамыз күні облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш берген. Ел Президенті бұл шешімді қабыл алды. Ал әкімдікке ұсынылған қос кандидаттың да мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол. Десе де облыстық мәслихаттың 200 депутаты Дархан Сатыбалдының кандидатурасын қолдаса, 86-сы Ұласбек Сәдібековке дауыс берген. Басым дауыспен Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып танылды. Бұл туралы Үкімет басшысы Ә.Смайылов Президентке хабарлап, тағайындау туралы Жарлыққа қол қойылатынын айтты.

Сессиядан кейін облыс активінің отырысы өтті. Жиында Әлихан Смайылов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығын оқып берді. Президент Жарлығымен Түркістан облысының әкімі болып Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы тағайындалды. Ел Президенті Қ.Тоқаев Шөкеев Өмірзақ Естайұлына аймақ басшысы қызметіндегі көп жылғы жұмысы үшін алғысын айтты. Айта кетейік, жаңадан тағайындалған облыс әкімі Дархан Сатыбалды 1974 жылы Сарыағаш ауданында туған. С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауылшаруашылық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Мамандықтары: экономист-менеджер, заңгер.

Шадияр МОЛДАБЕК
01.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 17
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 53
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 155
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 159
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 362
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 342
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 959

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9036
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8432
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11660
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9415
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10641