Түркістан облысына сапар

Түркістан облысына сапар
Түркістан облысына сапарымның басты мақсаты - жергілікті тұрғындармен кездесу. Сондықтан Шардара ауданына барғанымда шаруалармен кездесіп, оларды толғандыратын мәселелермен таныстым.
Аудан тұрығындарына ауыл шаруашылығы саласының өкілдерін қолдау мақсатындағы қолданыстағы және әзірленіп жатқан іс-шаралар мен оларды су үнемдеу технологияларын қолдануға ынталандыру жөніндегі шешімдер туралы айтып бердім.
Мысалы, Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп үнемді суару жүйелерін орнатуға және сатып алуға арналған шығындарды субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, шаруа қожалықтары «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорнымен шарт жасасу арқылы суармалы суды неғұрлым тиімді бағамен ала алады. Министрлік отандық және шетелдік компаниялармен Қазақстанда су үнемдеу саласындағы әзірлемелерді енгізу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.
Шардара ауданының шаруалары өздерін толғандыратын сұрақтарды қойып, мәселелер мен ұсыныстарын айтты. Атап айтқанда, «Қазсушармен» жасалатын келісім-шарттардың талаптарын, оның ішінде, су беру кестесінің бір бөлігі бойынша пысықтауды ұсынды. Сондай-ақ, шаруалар өсірілетін дақылдардың түрлеріне байланысты тарифтеудің жоқтығы туралы және СДЖЖ-2 (суару және дренаждық жүйелерді жетілдіру) жобасы бойынша өз ескертулерін айтты. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар Шардара ауданында жаңа магистральдық арналар мен топтық су құбырларын салу, күріш егістігін қысқарту, тарифтер мен субсидиялар туралы сұрақтар қойды.
Ал су үнемдеу технологиялары саласындағы отандық және шетелдік компаниялардың өкілдері шаруаларға өз әзірлемелерін ұсынды.
Жиналғандардың барлығына ашықтық пен белсенділік үшін алғыс айтамын. Шаруа қожалықтары өз ұсыныстарымен белсенді бөлісуі керек.
Біз субсидиялауды 30% - ға ұлғайту бойынша жұмыс істеп жатырмыз, ал озық суару жүйелерін шығаратын кәсіпкерлер құны миллион теңгеден артық жобалық-сметалық құжаттаманы тегін әзірлеуге, сондай-ақ өз жабдықтарына үш жылдық кепілдік беруге дайын.
Бұдан басқа, мемлекет трансформаторларды орнатуға, электр желілерін салуға және басқа да инфрақұрылымға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін субсидиялайды. Сондықтан, егер су ресурстарын сақтап қалғымыз келсе, бір – бірімізбен белсенді қарым-қатынас жасауымыз керек.
Түркістан облысының тұрғындарымен кездесулер аяқталған жоқ. Алда Жетісай және Мақтарал аудандарының шаруаларымен кеңес өткіземіз.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
02.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 174
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 169
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 679
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 799
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 713

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8868
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8263
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11491
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9247
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10474