ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БОКСШЫЛАРЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН 5 МЕДАЛЬМЕН ОРАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БОКСШЫЛАРЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН 5 МЕДАЛЬМЕН ОРАЛДЫ
Астана қаласында бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионаты өтті. Байрақты додаға 25 елдің жұдырықты жігіттері мен қыздары қатысып, өзара тартысты жекпе-жектер өткізді. Ұлттық құрама сапында Түркістан облысының 5 спортшысы ел намысын қорғап, тамаша нәтиже тіркеді. Олардың еншісінде 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль бар. Туған жерге оралған өрендерді спорт саласының мамандары мен туған-туыстары зор құрметпен қарсы алып, сый-құрмет көрсетті.
Ринг төрінде атой салған жерлестеріміз қатарында 67 келіде шаршы алаңда қарсылас шыдатпаған Төрехан Сабырхан мен 75 келідегі Шұғыла Нәлібай сынды талантты ару алтыннан алқа тақты. Ал 52 келіде Бағжан Отынбай күміске қол жеткізсе, 63 келіде Аружан Жанабаева мен 63,5 келіде қолғап түйістірген Ахмет Үсен қола медальді қанағат етті. Айта кетейік, құрлықтық бәсекеде өзінің шеберлігімен көзге түскен Түркістан облысының спортшысы Төрехан Сабырхан «Үздік боксшы» номинациясын иеленді.
Өңір мерейін асқақтатқан спортшылар – білікті басшы Сейтжан Жанысбаев жетекшілік ететін облыстық №5 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
10.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4846
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5012
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19971
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18618
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22071