ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КОЛЛЕДЖДЕРІНЕ 15 МЫҢНАН АСТАМ ГРАНТ БӨЛІНІП, СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ КӨБЕЙДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КОЛЛЕДЖДЕРІНЕ 15 МЫҢНАН АСТАМ ГРАНТ БӨЛІНІП, СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ КӨБЕЙДІ
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау керек екенін айтты. Бұл ретте Түркістан облысында сапалы кадрларды даярлау үшін студенттерді әлеуметтік қолдау шаралары қолға алынған. 2025 жылдан бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру көлем артты. 1 айға 1 студентке орта есеппен 33 943 теңге қарастырылған.
📌– Студенттердің шәкіртақысы 2024 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап 50 пайызға көтерілді. Яғни, 43 575 теңгеге жетті, ал үздік оқитын білім алушыларға 50 110 теңге беріледі. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушылар үшін 56 646 теңге қаралған. Мүгедектерге берілетін жеңілдіктерге келсек, көз бен құлақ диагноздары барлар үшін шәкіртақының 75% қосымша көмек ретінде беріледі. Бұл – студенттерді әлеуметтік қолдаудың ең басты жаңалығы. Сондай-ақ жылына 2 рет әр жетім балаға 200 мыңнан теңгеден астам қаржы киім-кешектерге арнайы бөлінеді. Студенттер үшін жол жүру ақысы бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Жылына екі рет әр балаға 8 мың теңгеге жуық қаржы жолақы ретінде беріледі, – дейді Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова.
✔️Түркістан облысында 43 колледжде 5 701 студент тегін жатақханамен қамтылған. Сонымен қатар көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін күнделікті бір реттік ыстық тамақтануға 734 теңге, орта есеппен 1 айға 14 680 теңге беріледі. Студенттерге салауаттылықты сақтауға және нығайтуға бағытталған психологиялық көмектер де қарастырылған.
📌Айта кетерлігі, өңірдің экономикалық басым салаларына кадрлар даярлауда облыста 50 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымды жұмыс істеуде. Оның 28-і – мемлекеттік, 22-сі – жекеменшік. Тегін кәсіптік білім беру гранттары саны жыл сайын артып келеді. 2023-2024 оқу жылында 15 350 мемлекеттік тапсырыспен орын бөлінсе, биылғы оқу жылында 15 525 грант қарастырылған. Бұл 100 % межеге жетіп, толық қамтамасыз етілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
14.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

ТӨЛЕБИЛІК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.01.2025 47
ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕР ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕРІНЕ ШАҚЫРТУ АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.01.2025 30
ТҮЛКІБАСТАҒЫ ТУРИСТІК НЫСАН ҒИМАРАТЫ КЕҢЕЙТІЛІП, ӘЛЕУЕТІ КӨТЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.01.2025 42
ІСІНЕ АДАЛ ЖАНДАР...
Сакен Мамытов, Сарысу ауданының әкімі - 14.01.2025 136
«БІР ҚАЙНАУЫ ІШІНДЕ ЖАТҚАН»  ПАРЛАМЕНТ
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 11.01.2025 353
АТЫ КОЛЛЕДЖ БОЛҒАНЫМЕН, ЗАТЫ ИНСТИТУТ
Жандос ОМАРОВ, Жамбыл облысы, Қордай ауданы - 09.01.2025 487
БАР  ЖАМАНДЫҚ ЕСКІ  ЖЫЛМЕН КЕТСІН!
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 09.01.2025 350
ЖАСЫН ҒҰМЫР (Абайдың өнегелі інісі Халиолла Құнанбайұлы туралы)
Әсет МЕДЕУХАНҰЛЫ, журналист, өлкетанушы, Абайтанушы, Абай облысы Абай ауданы, Қарауыл ауылы - 09.01.2025 337
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 1681
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 2209

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12942
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11817
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 15058
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 13995
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 19019