ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ «ТАЗА ӨЛКЕ» АПТАСЫНДА ТАҒЫ БІР АУЫЛДЫ ТАЗАЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ «ТАЗА ӨЛКЕ»  АПТАСЫНДА ТАҒЫ БІР АУЫЛДЫ ТАЗАЛАДЫ
Бүгін «Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері, ауыл жастары, волонтерлер «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Оранғай ауылында тазалық жұмыстарын өткізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. 5 аптаға созылатын бұл науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады.
Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде табиғатты аялауға және қоршаған ортаға жанашырлықты қалыптастыру. Сонымен қатар айналаны таза ұстау және экологиялық тазалықты сақтау арқылы туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сондай-ақ аудан, қала көшелерін ретке келтіру арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.
Айта кетейік, бүгінгі сенбілікке 150-ге жуық жас қатысты. Олар ауыл су жағалауларын қоқыстан тазарту жұмыстарына атсалысты.
Túrkistan oblysynyń ákimdigi
14.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

«МӨЛДІР БҰЛАҚ»: САУРАНДЫҚТАР ҚАРАШЫҚ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 07.05.2024 5
ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 86
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 79
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 86
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 60

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1310
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7353
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11221
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7407
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7560