ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНДА ТАҒЫ ДА БІР АУЫЛ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНДА ТАҒЫ ДА БІР АУЫЛ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ
Түркістан облысы аумағында ауыл-аймақтарды газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Бүгін Отырар ауданы, Қарғалы ауыл округіне қарасты Отырар ауылының тұрғындары да табиғи газға қол жеткізді. Аудан әкімі тұрғындардың қуанышын бөлісуге арнайы барды.
– Ауыл тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, инфрақұрылымды жақсарту бағытында аудан көлемінде бірқатар жоба қолға алынған. Бүгінде елді мекендерде ауыл тұрғындарының өтінішіне сәйкес жол жөндеу, ауыз су және табиғи газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Міне, бүгін ауданда тағы бір ауыл «көгілдір отынға» қосылып жатыр. Алдағы уақытта аймақтағы өзге де елді мекендерді газдандыру жұмыстары жалғасын табады, – деген аудан әкімі елді мекендегі ішкі монтаждау жұмыстарын ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды.
Ел қуанышын еселеген тарихи сәтте ауыл қариялары ризашылықтарын айтып, ел игілігіне қызмет етіп жүрген азаматтарға ақ батасын берді.
Жалпы ауданда жоспарға сәйкес 9 елді мекенге табиғи газ беру көзделген болса, бүгінгі таңда 8 елді мекен газға қосылған. Қалған бір елді мекен, яғни, Темір ауылын газдандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Аталған жұмыстар толық іске асқан жағдайда қосымша жалпы 16223 халық газға қосылып, аудан халқының 72%-ы табиғи газға қосылуға мүмкіндік алады.
Одан бөлек, Сырдария өзенінің батыс бөлігінде орналасқан 12 елді мекенге газ жеткізу мақсатында 13 жобаға жобалық-сметалық құжат әзірленуде. Аталған жобалар іске асырылған жағдайда ауылдардың 15302 тұрғыны табиғи газбен қамтылып, ауданның табиғи газбен қамтылу көрсеткішін 99%-ға жеткізу көзделуде.
Айта кетейік, бүгінде аудан көлемінде 19 елді мекенге көгілдір отын пайдалануға берілген. Ауданда алғашқылардың бірі болып Жаңа Шілік, Ескі Шілік, Ақтөбе, Ш.Қалдаяқов, Қарақоңыр, Қоғам, Ынталы және Мыңшұқыр елді мекендері газға қосылса, қазіргі таңда Қарғалы, Арыс, М.Шойманов, Шытты, Көкмардан, Сарыкөл, Сырдария ауылдарының тұрғындары да «көгілдір отынның» игілігін көруде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
02.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

Таза Қазақстан республикалық акциясы
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 11
ҚАБЫЛДАУ
Сарысу ауданы әкімдігі - 28.04.2024 12
Бірлік жарысы
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 10
Тараз таза қала
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 10

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1088
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7133
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10985
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7197
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7342