ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 3000-НАН АСТАМ ҮСТЕЛ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 3000-НАН АСТАМ ҮСТЕЛ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
 
Cауран ауданына қарасты Оранғай ауылдық округінде демалыс орындарына арналған үстел мен орындықтар, темір есіктер шығаратын «Абдусардар» цехы іске қосылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакиров, Оранғай ауылдық округінің әкімі Берік Қуандық, ауыл ақсақалдары қатысты.
Жеке кәсіпкер Бабир Насиров «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 5 млн. теңге алып, өз кәсібін бастаған. Бүгінде өндіріс орнын кеңейтіп, ашылып отырған цехтың аумағы 0,25 шаршы метрді құрайды. Жобаның жалпы құны – 300 млн теңге. Заманауи технологиялармен жабдықталған цех жылына 3000-нан астам темір есік және үстел шығаруға қауқарлы.
Бүгінде 12 азамат жұмыспен қамтылған. Жұмысшылардың орташа жалақысы – 250-300 мың теңге. Жиһаз жасаушы өндірістің әлеуеті зор. Негізгі арнайы жабдықтарды Өзбекстаннан алдыртады. Осылайша, отандық тауарлар ішкі нарықта сұранысқа ие болып, өзінің өнім көлемін айтарлықтай арттырып отыр.
– Жиһаз өндіру саласы қарқынды дамып, кәсіп жасаймын деген азаматтарға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау тауып келеді. Отандық нарықта бәсекеге қабілеттілік өсуде. Жылдан-жылға елімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл жиһазға деген қажеттілікті арттырады. Осылайша біздің өнімдер сұранысқа ие болып, өз кәсібіміздің кеңейуіне жол ашылуда, – дейді жеке кәсіпкер.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
07.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

МҰХАММЕДСАБЫР ЖОЛДАМАҒА ЖАҚЫНДАЙ ТҮСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.06.2024 1225
ШАРДАРА СПОРТШЫЛАРЫ ТОП ЖАРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.06.2024 34
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.06.2024 27
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОАКЦИЯСЫ АЯСЫНДА БИЫЛ 2400-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 21.06.2024 22
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАЛАРДЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 21.06.2024 66

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 802
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 373
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 1655
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 1296
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 2444