ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДАҒЫ ИБАТА ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДАҒЫ ИБАТА ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы, Сауран ауданына қарасты Жаңа Иқан ауылдық округі, Ибата елді мекеніне табиғи газ берілді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірдегі тағы бір «сақалды құрылыс» аяқталды. Возможно, это изображение 4 человека
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров тұрғындарды құттықтап, аудан инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жоспарға сай жүзеге асатынын атап өтті.
Бүгінде Ибата елді мекенінде 1891 отбасы табиғи газға қосылуға мүмкіндік алды. «Көгілдір отынды» жеткізу үшін 99,279 шақырымға газ құбыры жүргізілді. Құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталып, 2020 жылы аяқталған болатын. Газ өткізу жұмыстары мемлекеттік жеке әріптестік есебінен жүргізілген.
Газға жауапты мамандар ауыл тұрғындарына газ қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
06.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4114
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4293
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19238
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17899
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21342