ТҮРКІСТАН ТАРИХЫН ЖАСТАРҒА ТАНЫТТЫ

ТҮРКІСТАН  ТАРИХЫН ЖАСТАРҒА ТАНЫТТЫ

Түркістан облысындағы Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорық-музей қызметкерлері студенттерге арнайы көрме ұйымдастырды.

Көрмеге оқу тәжірибесінен өтіп жатқан болашақ тарихшылар қатысты. Назарға ұсынылған артефактілер еліміздің оңтүстік өлкесінен табылып, жинақталған. Тас кезеңінен орта ғасыр кезеңіне дейінгі аралықты қамтиды. 

Шараның мақсаты жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау және дәріптеу болып табылады. Сондай-ақ, болашақ жас мамандарды археология саласын далалық қазба жұмыстарымен ұштастыра отырып, ұлттық мәдени құндылықтарымызды насихаттау. Студенттер көрмеден  ерекше әсер алып, археолог мамандығының асқан төзімділікті қажет ететін  сала екенін ұғынды. Ұлттық жәдігерлерді қолмен ұстап, ежелгі дүниеге жақындай түсті. Археологиялық тәжірибе жастардың есінде қаларлықтай мазмұнды әрі қызықты ұйымдастырылды.

 

Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ
10.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 547
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 550

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20870
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20655
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35788
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34309
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38190