ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ПОЛИЦИЯ СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ПОЛИЦИЯ СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ
 
Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің тапсырмасына сәйкес, полиция мамандығының оң имиджін қалыптастыру мақсатында аудандардағы жалпы білім беретін мекемелерде «Полиция сыныптары» ашылуда. Осы ретте, бүгін Төлеби ауданындағы П.Тәжібаева атындағы №3 жалпы орта мектебінде Төлеби аудандық полиция бөлімінің «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды.
Сыныпқа полицияда 25 жылғы жуық қызмет еткен, қаза тапқан полицей Бахтыбай Бейсембаевтың есімі берілді.
Салтанатты жиынға Түркістан облысы Полиция департаментінің Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы, полковник Мақсат Асқаров, аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық полиция бөлімінің басшысы, полковник Бауыржан Зиятаев, мектеп ұжымы, ішкі істер органдары ардагерлері қатысып, өскелең ұрпаққа полиция мамандығының қоғамда алатын рөлі жайлы айта келіп, марқұм болған Бахтыбай Абдукаримулы туралы жылы естеліктерін айтты.
Жастарға патриоттық тәрбие беріп, олардың туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыруға арналған «Жас сақшы» полиция сыныбының ашылуына арналған іс-шарада 8-сынып, 11 оқушылары ант беріп «Жас сақшы» қатарына қосылды.
«Жас сақшы» қатарына қосылған оқушыларға полицейдің нысанды киім үлгісі тігіліп, берілді. Ал сынып бөлмесі ел игілігі жолында еңбек еткен полицейге арналған арнайы бұрышпен жабдықталды.
Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша 12-полиция сыныбы Төлеби ауданында ашылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
13.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 391
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 388
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 404
Ел болашағы –   өз қолымызда
Іңкәр БИТИМОВА - 23.05.2025 476

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13476
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13451
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28568
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27246
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30753