ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР ЕСЕБІНЕН СОҒЫЛҒАН СПОРТТЫҚ НЫСАНДАР ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР ЕСЕБІНЕН СОҒЫЛҒАН СПОРТТЫҚ НЫСАНДАР ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түлкібас ауданында кәсіпкерлер арқылы спорт нысандарын көбейту жұмыстары жүріп жатыр. Солардың бірі – Азаттық елді мекеніндегі «Спорт сервис Азаттық» атты спорт кешені. Өткен жылы Азаттық елді мекенінен Бекмұратов Атамұрат есімді жеке кәсіпкердің өз қаржысы есебінен ашылған нысанда бүгінгі таңда 600-ге жуық мектеп жасындағы бала спорттың 8 түрінен (бокс, күрес, дзюдо, тхэквандо, волейбол, үстел тенисі, футбол, гимнастика) үйірмелерге қатысып, бос уақыттарын тиімді өткізуде.
Бұдан бөлек кешеннің қосымша ғимаратына тігін цехы ашылып, тапсырыстар қабылдап, қазіргі таңда жұмысын жүргізуде. Кәсіпкер өткен жылы үйірменің үш түріне қажетті аймақты дайындаса, биыл қосымша 5 үйірмеге керекті залдарды іске қосқан. Жалпы кешеннің құрылысына 200 млн. теңгеге жуық өз қаржысын жұмсаған.
Аталған нысанға аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов арнайы табан тіреп, кәсіпкердің жұмысына оң бағасын берді. Кәсібін ұлғайтуға мемлекеттен қолдаулар қажет болған жағдайда, көмек беруге дайын екенін жеткізді.
Аталған кәсіпкерлік нысанда 30-дан астам ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылып отыр.
Айта кетейік, бүгінгі таңда ауданда 5 облыстық, «Ер Жәнібек» спорт клубы, «Түлкібас спорт клуб» және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт мектебі халыққа қызмет көрсетеді. Осы аталған 8 спорт мекемесінде 5258 оқушы спорттың 22 түрінен қамтылған. Сондай-ақ биыл Рысқұлов ауылдық округінен жеке кәсіпкер А.Тойшыбековтың есебінен жалпы құны 150 млн. теңгеге футбол алаңшасы ашылып, ауыл тұрғындарына пайдалануға берілсе, Керейт, Майтөбе және Алғабас ауылдарында жабық футбол алаңшаларының құрылысы жүргізілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
20.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Қуантсаң, баланы қуант»
Еркін Келесов, «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»басшысы - 23.10.2024 25
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «РЕСПУБЛИКА КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ 120-ДАН АСТАМ ІС-ШАРА ӨТЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 22.10.2024 107

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6682
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 6113
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 9319
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 7104
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 8313