ТҮРКІСТАН: ҮЗДІК ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҮЗДІК ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін Түркістан қаласындағы «Оқушылар сарайында» Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы 2021-2022 оқу жылында өткізілген халықаралық, республикалық олимпиадалар, конкурстар, байқауларда жеңімпаз болған оқушыларды дайындаған мұғалімдерді «Құрмет» грамотасымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
 
Мақсат – 2021-2022 оқу жылындағы мұғалімдер мен үздік ұстаздар еңбегін бағалау, оларға алғыс білдіру.
 
Іс-шараға 2021-2022 оқу жылында өткізілген халықаралық, республикалық олимпиадалар, конкурстар, байқауларда жеңімпаз болған оқушыларды дайындаған Түркістан облысының аудандық, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдеріне қарасты жалпы білім беру ұйымдары мен мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларын дайындаған мұғалімдер қатысты.
 
Атап айтар болсақ, Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылардың механика және математикадан зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсына қатысқан 2 оқушының мұғалімі; Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің жүлдегерін дайындаған 22 мұғалім;
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегерлерін дайындағын 8 мұғалім;
Республикалық оқулардың қорытынды кезеңінің жүлдегерлерін дайындаған 15 мұғалімге құрмет көрсетілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
28.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5198
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5356
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20321
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18957
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22421