ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕР СЕНБІЛІККЕ АТСАЛЫСТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕР СЕНБІЛІККЕ АТСАЛЫСТЫ
 
Өз өмірлерін өзгелер үшін қатерге тігіп, азаматтар мен қоғам тыныштығы үшін бел шешпей еңбек ететін тәртіп сақшыларының қызметі шын мәнінде айтуға, мақтануға, үлгі тұтуға тұрарлық. Бұл ретте тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бейбіт тұрғындардың тыныштығын күзетуде ерен еңбек етіп, Ішкі Істер органдарында қызмет атқару кезінде қаза тапқан полиция полковнигі Әбдіғаппар Бердіқұлұлының есімімен аталатын жас полицейлер сыныбы ашылған.
Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың қатысуымен өткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық сенбілікке Жетісай қаласындағы «М.Горький» атындағы №1 мектеп-гимназиясының аталған сыныбының жас полицейлері де атсалысты.
Олар аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесімен бірге орталық саябақ аумағына түрлі декоративті көшеттер отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
– Біз білім алушылар арасындағы мейірімділік пен ізгіліктің, мемлекеттік ой-өріс рухында, жауапкершілікті өз мойындарына алуда, бастамашыл, дербес, жедел көсбасшылық қасиеттерді меңгеруде, білімді, мәдениетті, ақылды, көзқарастары кемел, үлкен істерге қабілетті болуда, табиғатты, отанды қастерлеуде өзгелерге үлгі болуымыз керек. Жас полицейлер сапына қабылданған әрбіріміз мұны жақсы білеміз, – деген полиция сыныбының мүшелері алдағы уақыттарда қатарластарын туған жердің тазалығын сақтап, сенбілік жұмыстарына жүйелі түрде белсенді қатысуға жұмылдыруға уәде етті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
10.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

К ОТКРЫТИЮ ТУРИСТИЧЕСКОГО СЕЗОНА В ТУРКЕСТАНЕ ГОТОВЯТ 2,5 ТОННЫ НАУРЫЗ КОЖЕ
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области - 12.03.2025 77
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВЕДЁТСЯ СИСТЕМНАЯ РАБОТА ПО ПРЕДОТВРАЩЕНИЮ ПАВОДКОВ
Пресс-служба акима Туркестанской области - 12.03.2025 64
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЮДЖЕТТІК ТҮСІМДЕР МЕН КІРІСТЕР КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 12.03.2025 68
ТУРКЕСТАН: В ОРДАБАСЫ ЧЕСТВОВАЛИ МНОГОДЕТНЫЕ МАТЕРИ
Пресс-служба акима Туркестанской области - 12.03.2025 38
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУШАҢДЫҒЫ ТӨМЕНДЕГЕН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 12.03.2025 70

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 1948
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2191
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17075
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 15801
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19166