ТҮРКІСТАНДА «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ФЕСТИВАЛІ АЯСЫНДА САУРАН АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ФЕСТИВАЛІ АЯСЫНДА САУРАН АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ
Бүгін «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Сауран ауданының Түркістан қаласындағы мәдени күндері басталды.
Шара Этноауыл аумағында аудан қолөнершілерінің көрмелері, ұлттық ойын-сауық және салт-дәстүр, әдет-ғұрып көріністерімен басталды. Атап айтқанда, «Кемпір салты», «кәрі жілік», «есек жем» «тас қорық», «бәдік айтыс», «туған жерге аунату», «қыз төркіндеу» көріністері жұртшылық назарына ұсынылды.
Сауранның дархан халқы түркістандықтар мен қала қонақтарына ұлттық тағамнан дәм ұсынып, нағыз қазақы қонақжайлық көрсетті. Ал мерекелік кештің көрігін саурандық өнерпаздардың алтыбақан түбіндегі көріністері мен «Дала рухы» ансамблі қыздыра түсті.
Айта кетейік, шара ертең де жалғасын табады. 29 тамыз күні Этноауыл аумағында ұлттық спортты ұлықтау мақсатында бірнеше спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылады. Ал кешкі сағат 19:00-де «Керуен Сарай» кешенінде Сауран ауданы өнерпаздарының және «Алдараспан» театрының әртісі Нұржан Төлендиев және эстрада жұлдыздары Нұржан Қалжан, Бақытжан Мұстафаев, Данияр Барыстың қатысуымен гала-концерт өтеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
29.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ӨТКЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.09.2024 29
ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 15.09.2024 92
Сыбайлас жемқорлық
Бибітгүл Аманжоловна - 13.09.2024 214
ҚАЗАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ
Асқар Жұмаділдаев - 13.09.2024 231

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4613
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 4058
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 6540
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 5015
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 6221