ТҮРКІСТАНДА ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҰЖЫМДАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҰЖЫМДАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
✔️Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдар фестивалінің облыстық кезеңі өтті.
✔️Қазақстан халқының татулығы мен бірлігін нығайту мақсатында ұйымдастырылған шараға этномәдени бірлестік төрағалары мен өкілдері, өнер ұжымдары қатысты.
✔️Фестиваль барысында өңірдегі аудан, қалалардан келген түрлі этностардың өнерпаздары жеке және топ болып халық әндерін орындау, би билеу және халық аспаптарында орындау бойынша сайысқа түсті.
✔️Мерекелік шараға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары - Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Нұрсұлтан Сейтжанов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің «Алқоңыр» фальклорлық ансамблінің әртісі Аружан Әбдіқадір, «Жаңа леп» ұжымының дәстүрлі әншісі Бекболат Серік және «Самғау» би ансамблінің әртісі Ақжол Абибулла қазылық етті.
✔️Әділқазылардың шешімі бойынша топ болып халық әндерін орындауда Сайрам ауданының «Ғұнча» халықтық ән-би ансамблі топ жарды. Бұл сайыста Қазығұрт ауданының «Дониёр-Файз» тобы 2-орынды, Сауран ауданының «Достық» ансамблі 3-орынды иеленді. Би сайысында Кентау қаласының қос өнер ұжымы – «Рапсодия Жастары» би тобы 1-орынды, «Рапсодия» би тобы 2-орынға лайық деп танылды. Ал Төлеби ауданының «Жаңа толқын» жастар клубының «Грация» шығармашылық тобы 3-орын алды.
✔️Сондай-ақ 18 жасқа дейінгі ән байқауында саурандық әншілер биіктен көрінді. «Отан» әнін нәшіне келтіре орындаған Умида Эркинова жеңімпаз атанса, «Өкінбе сен» әнімен Ғиесиддин Рахмиддинов 2-орынды еншіледі. «Ұлы дала» әнімен қазығұрттық Муштарибану Хусниддин үздік үштікті түйіндеді.
✔️18 жастан жоғары әншілер сайысында 1-орын алған саурандық Мұратжан Атажанов «Қоғалы-ай» әнін әуелете орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Бұл сайыста арыстық Роза Сейітқасымова «Ақерке ақжайық» әнімен 2-орынды, жетісайлық Руфат Ходжиев «Елім менің» әнімен 3-орынды иеленді.
✔️Этностар арасындағы татулықтың мызғымас алтын көпірін көрсеткен фестиваль барысында басқарма басшысының орынбасары іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан шығармашылық ұжымдарды «Алғыс хатпен» марапаттады. Облыстық кезеңде жүлделі орын алған өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар енді республикалық байқауда бақ сынайды.
✔️Татулықты ту еткен фестиваль соңында этнос өкілдері «Атамекен» әнін қосыла шырқап, әдемі кештің әрін келтірді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
19.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 15520
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 14283
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 17586
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 16465
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 21503