ТҮРКІСТАНДА ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТЕДІ

ТҮРКІСТАНДА ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТЕДІ
Түркістанда 27 мамыр мен 17-18 маусым күндері БАҚ өкілдері арасында спорттың 7 түрінен спартакиада өтеді. Бұл туралы бүгінгі брифингте Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облысы бойынша филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай мәлімдеді.
«БАҚ өкілдері арасындағы спартакиада ҚР Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толуына орай және «Баспасөз және байланыс қызметкерлері күніне» байланысты ұйымдастырылмақ. Қазақ күресі, үстел теннисі, бильярд, шахмат секілді спорт түрлерінен сайыс – 27 мамыр күнге жоспарланса, 17-18 маусым күндері шағын футбол, волейбол және арқан тарту жарыстары өткізіледі. Сонымен қатар, 27 мамыр күні Дүниежүзілік темекі шегуге қарсы күрес күніне орай «Денсаулыққа қарай 10 000 қадам» атты жаяу жүру акциясы өтеді. Оған зиялы қауым өкілдері, журналистер, ұстаздар, жастар, дәрігерлер мен қала тұрғындары қатысады»- деді Ғалымжан Қамытбекұлы.
Сондай-ақ баспасөз мәслихатына қатысқан Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Сариев спартакиадаға облыс аумағында ақпарат тарататын журналистер, баспасөз мекемелері мен әлеуметтік желі белсенділері тапсырыс парағы арқылы команда тізімі мен өтініш беріп қатыса алатындығын айтты. Өтініш беруші ұжымдарға шектеу қойылмайды. Спартакиаданың ашылу салтанаты 27 мамыр күні сағат 10:00-де «Turkistan Arena» стадионында өтеді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
27.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

 ШАРДАРАЛЫҚ 9 ОҚУШЫ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ИСПАНИЯДАҒЫ ЖАРЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.04.2024 18
СОЗАҚТА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ӨТУДЕ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.04.2024 27
Бақылау шараларының нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілді
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті - 24.04.2024 54

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 990
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7041
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10884
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7109
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7251