ТҮРКІСТАННЫҢ ЖҮЗУ ШЕБЕРЛЕРІ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА 5 МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАДЫ

ТҮРКІСТАННЫҢ ЖҮЗУ ШЕБЕРЛЕРІ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА 5 МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАДЫ
Алматыдағы Олимпиадалық даярлау орталығының спорттық базасында жүзуден жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Елшілік додаға 2006 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер құрамасының ең мықты жүзушілері қатысты. Су айдынындағы бәсекеге 25 команда құрамында 284 спортшы түрлі бағдарлама бойынша сайысқа түсті.
Жарыс қорытындысында Түркістан облысының спортшылары табысты өнер көрсетті. Өңір мерейін асқақтатқан спортшылардың дені Су спорт түрлерінен облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері. Олардың еншісінде 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль бар. Жүлде салған спортшылар қатарында Дария Токтобаева 200, 400 метр қашықтыққа кешенді жүзуден және 200 метрде шалқалай жүзуде қарсыластарын қапы қалдырып, алтыннан алқа тақса, 400 метр еркін жүзуде екінші орын алды.
Ел чемпионатында жүлде салған тағы бір жерлесіміз – Шыңғысхан Балабек. Қаратөбе ауылының тумасы 1500 метрге еркін жүзуде қолаға қанағат етіп, Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер атанды.
Айта кетейік, 28 қазан мен 4 қараша аралығында Сингапурде өтетін әлем кубогы өтеді. Алматы төрінде осы сынға ересектер арасында іріктеу өтті. Облыс мақтаныштары София Сподаренко 50 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен, Аделаида Пчелинцева 50 метрге брасс әдісімен жүзуден осы додаға жолдама алды.
Енді Түркістан облысының құрамасы аға жаттықтырушы Ж. Шалдарбеков пен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы А.Смолеевтің жетекшілігімен әлем чемпионатына және Қазақстанның қысқы чемпионатына дайындықты бастайды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
20.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Қуантсаң, баланы қуант»
Еркін Келесов, «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»басшысы - 23.10.2024 28
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «РЕСПУБЛИКА КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ 120-ДАН АСТАМ ІС-ШАРА ӨТЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 22.10.2024 109

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6682
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 6113
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 9319
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 7104
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 8313