Үкімет басшысының орынбасары БҚО-да болды

Үкімет басшысының орынбасары БҚО-да болды

 

 

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысында болып, су тасқыны орын алған аумақтарды аралады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 

Роман Скляр облыс әкімі Нариман Төреғалиевпен бірге су тасқыны болған аумақтарды тікұшақпен аралап, жағдайды өз көзімен көрді. 

Үкімет басшысының орынбасары көлемі жағынан ауқымды су тасқыны болған Теректі, Сырым, Қаратөбе  аудандарының аумағында болды. Өңір басшысы Нариман Төреғалиұлы тасқынның алдын алу, халықты қауіпсіз жерге көшіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. 

 

 

 

Қазіргі уақытта облыстың Теректі, Сырым, Қаратөбе, Бөрлі аудандарында, сондай-ақ Орал қаласында тасқынға байланысты табиғи сипатта төтенше жағдай жарияланды. Су басқан аумақтар көп мөлшердегі жауын-шашынның салдарынан ұлғая түскен. Тұрғындарды қауіпсіз жерлерге көшіру жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 874 адам эвакуацияланған. 

 

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарын жоюға ТЖД жеке құрамы, жергілікті атқарушы органдар, Қорғаныс министрлігі мен ҚР ІІМ-нің мамандары жұмылдырылуда. Яғни, 306 бірлік техника мен 146 мотопомпа пайдаланылған. Сондай-ақ Маңғыстау облысының және ТЖД әскери бөлімдерінің күштері көмекке тартылған. Қосымша ҰҚК Шекара қызметінің "МИ-8" екі тікұшағымен көмек көрсетілуде. Өңірде арнайы комиссия құрылып, келтірілген залалды есептеу басталды. 

Роман Скляр барлық бағыттар бойынша су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.  Үкімет тарапынан да барлық қажетті көмектер көрсетілетіні мәлім болды. 

Ләззат Қажымова, 

Батыс Қазақстан облысы

30.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 78
ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» КОМАНДАСЫ ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 63
МАҚТААРАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 88

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1226
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7270
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11134
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7333
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7481