ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі: «Қазақстандық 57 жүк көлігінің 49-ы Украина аумағынан шығарылды Ал 1,5 мыңға жуық жүк вагоны әлі Украина аумағында тұр»,— деп хабарлайды. Осы хабарламада: «2022 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша Украинадан қазақстандық меншік иелеріне тиесілі 57 жүк автокөлігінің 49-ы шықты. Осылайша бұл елдің аумағында 8 жүк көлігі, оның ішінде украиндық жүргізушілер айдайтын Қазақстанның 4 жүк көлігі қалып отыр»,— делінген. Ведомство ақпаратынша, Украинада қазақстандық меншік иелеріне тиесілі 1 457 жүк вагоны тұр. Оларды басқа бағыттарға жіберу жұмыстары жалғасуда. Халықаралық тасымалда туындаған мәселелер бойынша жедел әрекет ету үшін индустрия министрлігі, «Қазақстан темір жолы» және Қазақстанның теңіз порттары жанынан «қауырт желі» ашылды. Мүдделі тараптармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Министрлік Ақтау және Құрық теңіз порттары қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Жүктер бөгеліп жатқан жоқ. ИИДМ қауырт желісінің телефон нөмірлері:
ҚР ИИДМ Көлік комитетінің Ахуалдық орталығы: +7 (7172) 98-35-35, 98-35-33;
ҚР ИИДМ Ахуалдық орталығының WhatsApp нөмірі: + 7 708 088 0 800.