ҰЛТ БОЛЫП ҚАЛҒЫҢ КЕЛСЕ, ЕСІҢДІ ЖИ, САЛТ-ДӘСТҮРІҢДІ ЖОҒАЛТПА, ҚАЗАҚ!

ҰЛТ БОЛЫП ҚАЛҒЫҢ КЕЛСЕ, ЕСІҢДІ ЖИ, САЛТ-ДӘСТҮРІҢДІ ЖОҒАЛТПА, ҚАЗАҚ!

Әлем күн санап өзгеруде. Небір сұмдықтар бой көрсетуде. Ұлттық құндылықты аяқ асты еткен елдер қарасы көбеюде. Мен секілді ұлттық құндылықты әркез сөз етіп, қауіптің алдын алуға шақырып жүргендер қазір шошына бастадық. Қорқа бастадық. Себебі батыс әбден азғындаған екен. Оған Франциядағы Олимпиаданың ашылуында көрген көрініс дәлел. Қайда кетіп барамыз, халқым? Жаһандану мысықтабандап қасыңа келіпті. Енді сақтанбасаң, ұлттық құндылығыңды ту етіп көтермесең, жағдайың қиын, хәлің нашар болмақ. Адамзат тарихында әйелді қорлау осынша масқара, азғындық деңгейде болмаған шығар… Италиялық боксшы қызды аяғаным-ай… Алла сақтасын! Париж олимпиадасы ең жабайы, ең сұмдық, ең азғын олимпиада болып тарихта қалмақ. Әлемдік БАҚ-тан көзім шалғаны, Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадада әйелдер боксына 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі трансгендер спортшыға қатысуға рұқсат берген. Біреуі – осы сабаз. Ал керек болса! Салтан Сайранұлы жазғандай, Франция әбден азды! Жазғы Олимпиада ойындарының ашылуында ЛГБТ-ның пропогандасын жасап, діни құндылықтарды аяққа таптап, Иса пайғамбарды мазақ қылды! Олимпиада алауын сақалды, макияжды, емшекті-емшексіз трансвестит қызтекелерге тасытты. Ол – ол ма, бұл азғындар христиан әлемінде кең танылған Иса пайғамбар мен сахабаларын бейнелеген Леонардо да Винчидің «Соңғы кешкі ас» картинасын да мазаққа айналдырып, ЛГБТ өкілдерімен сахналады. Бұл көріністерге қатысты жан-жақтан келген наразылықтарға 2024 Париж Олимпиада ойындары коммуникация директоры Анна Дескампс «Бұл – қоғамдағы толеранттылықтың атап өтілуі» деп жауап берді. Міне, бүкіл әлемнің назары ауған шаралардың тізгінін қолдарына ұстаған азғын сионизмнің шайтани, ібілістік жүйесі ЛГБТ-ның насихатын енді осылай жасауда. Бұған саналы әрбір әлем саясаткерлері қарсы тұруы тиіс! Саяси сахналардан наразылықтар ашық айтылуы керек. Отбасылық құндылықтарымызды аяққа таптап, ұрпақтарымызды ұрлап жатқан бұл азғын жүйеге үнсіз қалмауымыз қажет. Бүгін біз үнсіз қалсақ, ертең ұрпағымыз солардың қатарынан сап түземесіне ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан ұлттық құндылықтан қазақ халқы ажырамауы тиіс! Бұл билікке ғана емес, маған да, саған да, оған да қатысты. Ұлағатты ұрпақ өсіру –ұлттық сақтап қалудың жалғыз-ақ жолы. Осы жолда әр қазақ белсенді болып, ұл мен қызын қадағалап, имандылық пен қазақы тәрбиенің бойына сіңірсе, жеңістің төресі сол! Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, діні, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Біздің ата-балаларымыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі әлемде теңдесі жоқ тәрбие десек, артық айтқандық емес. Баланың жастайынан ұлттық құндылықтарды дәріптеуінің, елімізді, туған жерімізді, дініміз бен тілімізді құрметтеуінің негізі осы ұлттық тәрбиенің негізінде жатыр. Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат тәрбиелеу үшін ұлттық құндылықтарымызды басшылыққа алу қажет. Оның маңыздылығы мен қажеттілігі зор. Біз үшін еліміздің өркендеуі, ұлттық ерекшелігіміз бен ұлттық құндылықтарымызды сақтау – қымбат қазына. Мемлекет басындағы азаматтар, ұлттық идеологияға жауапты адамдар қазақ ұлттын сақтап қалу жолында тынымсыз еңбек етуі тиіс! Әйтпесе әлемді жаулап келе жатқан ұлтсыздық, арсыздық, ұятсыздық, еркек пен еркек, әйел мен әйелдің жұп құруы қалыпты жағдайға айналуы мүмкін. Алла Тағала сақтанғанды ғана сақтайды. Ұлттық құндылықтарымызды сақтау – қымбат қазына. Ақорда осыны естен бір сәт шығармауы керек. Батыс былыққа батып болды. Батыс пен Америкада трансгендер ойнақ салғаны аздай, бізге де тамыр жая бастады. ЛГБТ қазақ даласынан тұрақ тапты. Арагідік бой көтеріп, шерулетіп қоятыны бар. Феминизмді үлкен ғылымға теңейтіндер Қазақстанда да өріп жүр. Гендерлік теңдік елімізде салтанат құрып тұр. Енді не қалды? Спорттың биік шыңы – олимпиадаңа да трансгендер сыналап кіруде. Франциядағы олимпиаданың салтанатты ашылуы – анау. Жын-ойнақ. ЛГБТ-ны ашық насихаттау жүргізілді. Демек, ғаламды құрту, ізгіліктің тамырына балта шабу ісі жүріп жатыр. Бұдан аман қалу өте қиын. 1 тамыз Париж Олимпиадасында италиялық боксшы Анджела Карини алжирлік трансгендер Иман Хелифпен жекпе-жекке шықты. Мұны барша әлем көрді. Жекпежек тура 46 секундқа созылды. Басынан соққы өткізіп алған италиялық спортшы ойынды жалғастырудан бас тартты. 2023 жылғы әлем чемпионатында Хелифтің бойынан ерлерге тән XY хромосомалары анықталғаны үшін ойыннан дисквалификацияланған болатын. Яғни Карини биологиялық ер адаммен төбелескен. Мұндай сорақылық бұрын-соңды болған ба еді? Иә, қасиетті құранда бізге дейінгі лағынеттелген қауым туралы айтылады. Олар да шектен шығып, еркекпен еркек, әйел мен әйел жақындасып, ер әйелдің, әйел еркектің кейпіне енемін де, жер бетінен азаппен жойылып еді. Соның кебін кейіп жүрмесек деп қорқамын. Өйткені азғындықта шек болмай тұр. Францияда олимпиада ойындары үстінде ЛГБТ-ны ашық насихаттаса, еліміздің үлкен қалаларында ЛГБТ-ны ашық және жасырын түрде жарнамалайтын топтар пайда бола бастады. 1 тамыз күні Астанадағы «Қазмедиа» орталығында «Біз Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ны ашық және жасырын түрде насихаттауға қарсымыз!» петициясы бойынша шешім жобасына жария талқылау өтті. Дүйім жұрт болып қол жинаған петиция бойынша соңғы жұмыс отырысында Мемлекеттік органдардан басқа халық арасынан бұл жағдайға бейжәй қарамайтын жанашырлар және қоғамдық ұйымдар келіп қатысты. Бұл – үшінші отырыс. Жиналған Халық екі тарапқа бөлініп, яғни петицияға қарсылар (біржыныстыларды қолдайтындар) және петицияны толық қолдаушылар, елімізде біржынысты ұйымдардың тайраңдауына қарсы азаматтар мен азаматшалар бой көрсетті. Қоғамдық тыңдалым барысында өте қызу талқыға түскен бұл мәселенің қаншалықты күрделі екенін мұндай сұмдықты көріп-білгендер ғана түсініп отыр... Қалай болған күнде де, өскелең ұрпақтың санасын сақтау тікелей мемлекеттің және ата-Ананың міндеті деп білемін. Ертең кеш болуы мүмкін. Билік оянуы , маңайына көз салуы керек. Қайда бара жатырмыз? Ертеңіміз не болмақ? ЛГБТ-ның ашық талқыға салынуы, оның жақтастарының көбейе бастағаны қорқынышты жағдай! Ұлтты ірітудің, ұрпақты тоздырудың бұдан асқан қандай жолы бар? ЛГБТ насихатына қарсы петицияны жария талқылауда Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Парламент депутаттарының пікірін жеткізді. Бұл да болса көңілге демеу! «Әр ұлттың моральдық, этикалық заңы болады. Қазақстанның діні, тілі, ділі бар. Сондықтан осы петиция басталғалы Парламент депутаттары оны толық қолдайтынын жариялады. Бірнеше депутат жұмыс тобына мүше болып кірдік. ЛГБТ мәселесін жан-жақты зерттеуіміз керек. Құқықтық жағын да қарауымыз керек. «Адам құқығын шектейді» деп жатыр. Белден төмен нәрсені адам құқығына тіркемеу керек, – деді ол. Өкінішті жері, ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу туралы петиция ішінара қанағаттандырылды. Ұлттық құндылықты сақтау, салт-дәстүрді дәріптеу жолында ұзақ жылдар бойы күресіп келе жатқан, ЛГБТ секілді азғындықты түп тамырымен жоюды жан-тәнімен қалайтын Бағила Балтабаева «Біз оларды департировать етіп, басқа жаққа қудалайын деп отырған жоқпыз, репрессия болайын деп отырған жоқ, олар біздің елдің азаматы болғандықтан, тұра берсін, бірақ, көшеде біздің балалар еркек пен еркектің сүйіскенін көрмеуі керек. Осындай ұлтқа жат қылықтарды көрсетіп жүрген феминистік ұйымдардың әрқайсысын ұстап алып тексерсеңіздер, әрбірінің артында халықаралық ұйымдардың, мұхиттың ар жағынан бері қарай келіп жатқан қаржыландыру бар» деп отыр. Бағила қызымның жанайқайы орынды. Қолдаймын! Біз қазір өте қиын жағдайда өмір сүріп жатырмыз. Келешегіміз не болады? Ол да күмәнді. Ақорда бұл мәселеге өзі араласып, заңды қатайтуға күш салмаса, бәрі сөз күйінде қалып, арты сиырқұйымшақталып ЛГБТ құрамына жастарды көптеп тартып, ұлттық құндылықтың түбіріне балта шабуы әбден мүмкін. Ол үшін әр қазақ отбасына берік, бала тәрбиесіне мығым болуы тиіс. Әйтпесе кешігеміз. Барлық құндылықтарымызды санамыздан өшіреміз. Оянайық, қазағым! Әбжыландай маңайын жалмап келе жатқан азғындыққа бірлесе қарсы тұрайық! Ұлттығымызды сақтайық! Міне, ағайын, біз қанша қорғансақ та, қарғасақ та, әлемдік саясатты жүргізіп отырған шайтани топтар өз мақсаттарын жүзеге асыру жолында барын жасауда. Олар ешкімді аямайды. Ұлттық құндылығың жоғалса, салт-дәстүрің тоналса, сенің де қақпаңнан сығалайды. Олардың арманы – аз ғана қазақты жік-жікке бөлу. Ол үшін қасиетті ислам дінінің өзін құбыжық қылып көрсетуге тырысып жатыр. Ар-ожданың мен тіліңді құртуға күш салуда. «Жау жоқ деме, жар астында». Әр қазақ өз отбасына, тілі мен салт-дәстүріне, дініне берік болса ғана оны жау алмайды. Әйтпесе анталаған жат пиғыл, жат ағым, жат идеология қазақты аяйын деп тұрған жоқ. Айтқым келгені осы еді!

08.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 76
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 598
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 715
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 627
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 637

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8772
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8172
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11401
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9155
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10386