Ұлттық домбыра ұлықталды

 Ұлттық домбыра ұлықталды

Қопа көлінің Жаңа жағалауында Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде болып өтті. Ұлттық өнерді ұлықтаған мерекеге 200-ден астам өнерпаз қатысып, қала тұрғындары мен қонақтары өнер иелерінің таланттарына тәнті болды.

Шарада өңірдің мәдениет ошақтары ұлттық қолөнер мен салт-дәстүрді насихаттайтын көрмелер, интерактивті алаңдар мен шеберлік сабақтарын ұйымдастырды. Көне домбыралар көрмесі және сирек күйтабақтар экспозициясы көрермендер назарына ұсынылды.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев көпшілікті Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, қазақтың киелі саз аспабы жайлы толғаныс білдірді. Ол сөзінде: 

 «Биылғы мерекенің орны ерекше, тарихи мәні терең. Ұлттық домбыра күні мен Астана күнін еліміздің жаңа, халықтық Конституциясының заңды күшіне енуімен қатар атап өтіп отырмыз. Бұл – мемлекетіміздің құқықтық негіздері мен ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарының сабақтастығын айқындайтын, мемлекеттілігіміздің тұғырын нығайтатын маңызды кезең.

Қазақ халқы мен домбыра – егіз ұғым. Домбыра – қазақтың жаны, ұлттың үні, мемлекеттіліктің символы. Ол халқымыздың шежіресін, тарихы мен тағдырын, ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан арман-мақсаттарын сақтап келеді. Осы баға жетпес мұраны көздің қарашығындай сақтап, оны жас ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз», – деп атады.

Мерекенің негізгі бөлігі алғаш рет өткен «Көкше – өнер маржандары» дәстүрлі өнер фестивалі болды. Фестиваль 100 домбырашының бір мезетте күй орындауымен ашылып, сахнада Ақмола өңірінің белгілі дәстүрлі өнер өкілдері өнер көрсетті. Фестивальдің ең жас қатысушысы  8 жастағы Бақдаулет Қалдаров болса, аға буыны – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қапаш Құлышева.

Шарада «Көне домбыра» және «Музейге жәдігер сыйла» республикалық акциялары өтті. Акция аясында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова өзінің жеке домбырасын музей қорына табыстап, ғасырлық тарихы бар бірнеше көне домбыра көпшілік назарына ұсынылды.

Мерекелік іс-шара ұлттық мұраны дәріптеп, дәстүрлі өнерді насихаттауға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған тағылымды мәдени шараларға толы болды.

 

08.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26454
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25884
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43280
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39080
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43677