Күні кеше аудан әкімдігінде Жамбыл облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының «Ұлттық код пен азаматтық бірегейлікті нығайту жолы» тақырыбындағы кеңейтілген отырысы өтті. Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды, қоғамдық келісімді нығайту, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді дамыту мақсатында ұйымдастырылған жиынға мемлекеттік қызметкерлер, этномәдени бірлестік өкілдері, жастар және аға буын өкілдері қатысты.
Жиынды Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің бас сарапшысы, Жамбыл облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Е.Қаншымбеков жүргізіп, бүгінгі басқосудың мақсатын айтып, спикерлермен таныстырды.
Бірінші болып мінберге Тараз қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы А.Зайнутдинов шығып,
Одан кейін сөз алған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының профессоры, Жамбыл облысы ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Р.Керімбаева «Ұлттық код пен азаматтық бірегейлікті нығайтуда қазақ халқының топтастырушылық әлеуетін пайдалану» тақырыбында баяндама жасады. Ең алдымен «ұлттық код» ұғымына анықтама беріп өткен Р.Қалдыханқызы ұлттық бірегейлікті нығайту жолында ұлт болып жұмылып, атсалысуымыз қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, осы мақсатта қолға алған игі бастамаларымен, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға бағытталған жобаларымен таныстырды.
Ал Қордай ауданы колхоз аймағының қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ә.Сейілханов ұлттық код аса терең ұғым екендігіне тоқталып, оны сақтап қалу, нығайту үшін елімізді мекен еткен өзге ұлт өкілдері біздің салт-дәстүрімізді сыйлап, мемлекеттік тілімізді үйренуі қажет деген ойын жеткізді.
Тағылымы мол басқосудың соңында жиынға қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.