«Ұлттық ойындар – бабадан қалған асыл қазына»: Астанада отбасылық ойындар жарысы өтті

«Ұлттық ойындар – бабадан қалған асыл қазына»: Астанада отбасылық ойындар жарысы өтті

Астанада Қаламгерлер аллеясында «Ұлттық ойындар – бабадан қалған асыл қазына» іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Отбасылық ойындар жарысының басты мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық ойындарды насихаттау.

«Астана қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бүгін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында осындай іс-шараны ұйымдастырып отыр. Бұл жарыс сол елімізде болып жатқан ойындардың жалғасы іспетті. Еліміздің абыройын асқақтатқан спорттық додаға қосқан үлесіміз деп білеміз. Мерекеге орай кітап көрмесі де көпшілік назарына ұсынылды. Мақсаты – өзіміздің ұлттық ойындарымызды әрі қарай дамыту. Өйткені жасөспірімдер бабадан келе жатқан асыл мұраларымызды ұмытпауы керек деп есептейміз», - деді Астана қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі басшысы Гүлбадам Мәдібаева.

Оның айтуынша, қатысушылар – қала мектептерінің оқушылары, яғни кітапхананың белсенді оқырмандары.

Іс-шараға 40-қа жуық мектеп оқушысы қатысты.

Іс-шараның ашылуында «Елорда ақсақалдары кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әнуарбек Ералы, Сарыарқа ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркін Нұрғазин жарысқа қатысушыларға ұлттық ойындардың түрлерін айтып, маңызын түсіндірді. Сондай-ақ, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Үш топқа бөлінген жарыс қатысушылары тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту және сұрақ-жауап ойындарында өзара бақ сынады.

Отбасылық ойындар жарысының қорытындысында үздік шыққан қатысушылар марапатталды.

16.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 508
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 507

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20827
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20613
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35741
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34261
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38141