ҰЛЫ АҚЫНДЫ ҰЛЫҚТАҒАН МЕКТЕП

ҰЛЫ АҚЫНДЫ ҰЛЫҚТАҒАН МЕКТЕП

Ұлы Абай — қазақ руханиятының, даналығы мен мәдениетінің мәңгілік нышаны. Иә, ұлы даланың кемеңгер ойшылы Абай халық жүрегінде де, бүгінгі өскелең ұрпақтың санасында да мәңгі жаңғыра бермек.

Абай атамыздың туғанына 180 жыл толуына орай Өзбекстан Республикасы Науаи облысы Зарафшан қаласындағы №4 жалпы білім беретін орта мектепте жуырда «АБАЙ — ДАНА, АБАЙ — ДАРА ҚАЗАҚТА!» атты қалалық семинар өтті. Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-ағартушылық, рухани-мәдени шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Үш тілде (қазақ, өзбек, орыс) білім беретін қасиетті білім ордасының басшысы Рүстемова Замира Шаниярқызының жетекшілігімен бастауыш сыныптан жоғары сыныптарға дейін оқу кітабы, қазақ тілі мен әдебиеті, музыка, өзбек тілі пәндерінен өткізілген интеграциялық ашық сабақтарға қатысып, ерекше әсер алдық. Сабақ барысында қолданылған әрбір жаңа әдіс пен ойын түрлері ұстаз еңбегінің асқан шеберлігі мен жоғары біліктілігінің нәтижесінде өз мақсатына толықтай жетті.

Шара соңында ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-мәдени, танымдық кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында тәуелбайлық ақын Наурызбай Жарбосынұлы арнау жырын оқыды. Үшқұдықтық ақын Қайрат Пердебекұлы жүрекжарды туындымыз — «АБАЙДЫ ОҚЫ!» атты жырды оқып, ақынның «Айттым сәлем, қаламқас» әнін орындады.

Шараға ата-аналар, махалла белсенділері, оқушылар мен ұстаздар белсене қатысты. Әсерлі әндер, көркем жырлар, мың бұралған билер мен «Аманат» ұлттық аспаптар оркестрінің орындауындағы керім күйлер кештің шырайын ашып, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.

Бізді арнайы алыстан қонақ ретінде шақырып, зор құрмет көрсетіп, рухани, әдеби, мәдени демалыс сыйлаған №4 мектептің ұстаздар ұжымына, өнерлі де саналы оқушыларына, ата-аналарына және осы мектептің абыройын асқақтатып жүрген Рүстемова Замира Шаниярқызына шексіз алғысымызды білдіреміз. Шәкірттеріңіз шабытты да білімді, саналы да бақытты болсын!

Гүлдана Наринбетова, 

Өзбекстан

 

26.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 21472
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 21246
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 36480
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34841
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38832