ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ, ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТУДЕ
Денсаулық, шапшаңдық, сергектік сияқты құндылықтарды серік ететін ұлттық спорт - тоғызқұмалақ спортымен шұғылданатын жастар саны артуда.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, бүгін Игілік ауылындағы Ш.Датқа орта мектебінде Тоғызқұмалақтан Жамбыл облысының жасөспірімдер (2012-2013, 2014-2015, 2016-2017ж.т) чемпионат өтті.
Шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов қатысып, сөз сөйледі: - «Тәні саудың – жаны сау» деген. Салауатты өмір салты, бұқаралық ұлттық спорт, дене шынықтыру мен спортты дамыту еліміздегі маңызды міндеттердің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында «Баршаңызға белгілі, мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріп отырмын. Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спортттың маңызы айрықша» - деп, атап көрсетті, - деп жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Мұнан соң Сарысу ауданының Құрметті азаматы, N 26 балалар - жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Серік Ниязов пен тоғызқұмалақтан Жамбыл облысының бас жаттықтырушысы Айжан Иманадиева сөз сөйлеп, ізгі тілегін жолдады.
8 сәуірде бастау алған жарысқа аудандардан 120 жас спортшылар қатысып, бақ сынауда. Жарыс қорытындысы 11 сәуірде анықталатын болады.