Үржар әуежайына алғаш рет жаңа ұшақ қонды

Үржар әуежайына алғаш рет жаңа ұшақ қонды

Абай облысының Үржар ауданында ерекше оқиға тіркелді.

Үржар ауылындағы әуежайға алғаш рет «SCAT» әуе компаниясының заманауи «CRJ-200» жолаушылар ұшағы қонды. Бұған дейін аудан тұрғындары ескі үлгідегі «АН-24» ұшағымен қатынап келген еді.

Канадада шығарылған, сыйымдылығы 50 орындық «CRJ-200» ұшағы енді «Үржар–Алматы» және «Үржар–Астана» бағыттарында күн сайын қатынайды. Жаңа әуе кемесі өңіраралық бағыттар үшін өте ыңғайлы әрі жайлы.

Аталған рейстер мемлекет тарапынан субсидияланып отыр. Осыған байланысты билет бағасы қолжетімді болып бекітілген. Бұл жергілікті тұрғындар үшін де, Алакөл туристік аймағына келетін қонақтар үшін де үлкен мүмкіндік болмақ.

Қазір туристік маусымға дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Алакөл жағалауын абаттандыруға облыстық бюджеттен 658 миллион теңге бөлінген. Осы қаражатқа 2018 жылдан бері жөндеу көрмеген Арбат жаңартылып, 5 шақырымға жуық жағалау жолына жаңа асфальт төселмек. Сонымен қатар қосымша дәретханалар мен киім ауыстыратын кабиналар орнатылып, қоқыс жәшіктері мен бейнебақылау камераларының саны арттырылады. Бұдан бөлек, туристер көп шоғырланатын Арбаттағы жүктемені азайту үшін жаңа қоғамдық кеңістік салу жұмыстары басталды.

Абай облысында туризмді дамыту мақсатында атқарылып жатқан бұл жұмыстар өңір экономикасының өсуіне және инфрақұрылымның жаңаруына елеулі үлес қосатыны анық.

Саруар Қабдолла

02.06.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 618
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 620
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 651

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13721
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13684
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28804
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27476
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30989