«Ustazga Al: жасанды интеллект педагог көмекшісі ретінде»

«Ustazga Al: жасанды интеллект  педагог көмекшісі ретінде»

Атырауда мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға бағытталған маңызды жұмыс қолға алынды. «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының мәжіліс залында педагогтерге арналған «Ustazga AI: жасанды интеллект педагог көмекшісі ретінде» атты ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараны «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы, облыстық білім беру басқармасы және «Daryn Ustaz» орталығы бірлесіп өткізді. Мұғалімдерге арналған тегін онлайн курсты таныстыру және білім беру саласында жасанды интеллектті тиімді қолданудың мүмкіндіктерін кеңінен түсіндіру мақсатында қолға алынған жиында спикерлер заманауи AI технологияларының оқыту процесіне енгізілу жолдарын, олардың мұғалім еңбегін жеңілдетудегі артықшылықтарын жан-жақты баяндады. Әсіресе сабақ жоспары, тест, талдау, БЖБ/ТЖБ құжаттарын автоматтандыруға мүмкіндік беретін құралдар мұғалімдердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Жасанды интеллектті меңгерген педагогтер сабақ жоспарларын, бағалау материалдарын, тест нұсқаларын автоматты түрде әзірлей алады, икемді оқу уақытының арқасында жұмыстан қол үзбей білім алады. Сондай-ақ жобаларын конкурсқа жолдап, үздік 400 педагог қатарынан танылса, Астанада өтетін ПедХакатонға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Ал Хакатон жеңімпаздары қатарынан шыққан 20 ұстаз Оңтүстік Кореяда тегін тағылымдамадан өтеді.

Облыстық білім беру басқармасы мен әдістемелік орталықтар педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарға ерекше көңіл бөліп келеді. Сондықтан шараға қатысушыларға тегін онлайн курстан өту ұсынылды.

«Daryn Online» компаниясының құрушысы әрі бас директоры Айбек Қуатбай курс нәтижесінің маңыздылығын атап өтті.

– Курс соңында тыңдаушыларға 80 академиялық сағаттық ресми сертификат беріледі. Бұл сертификат аттестацияда жарамды және «ҰСТАЗ – Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасына» енгізіледі, – деді ол.

Жасанды интеллект – болашақтың емес, бүгіннің талабы. Білім саласына цифрлық технологияларды енгізу – уақыт талабынан туған қажеттілік. Осы бағытта өткізілген ақпараттық кездесу мұғалімдерге жаңа мүмкіндіктер ашып, кәсіби біліктілікті арттырудың тиімді тетіктерін ұсынды.

 

04.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 556
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 558

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20882
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20665
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35800
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34320
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38202