Ұстазым менің, ұстазым...

Ұстазым менің, ұстазым...

Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласындағы  Болашақ сарайында  облыс әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Облыстың білім беру  ошақтарында барлығы 23 мыңнан астам педагог қызмет атқарады. Осы сан мың ұстаздардан іріктелген 500-ге жуық ұстаз, білім саласының қызметкерлері, ардагер ұстаздар  салтанатты  жиынға қатысты.

Жиынды ашып, ұстаздарға құттықтау сөз арнаған   облыс  әкімі Марат Ахметжанов  сөзінің басын  қазақтың аса көрнекті ақыны Ғафу Қайырбековтың:  

«Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

 Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы!» – деген  бір шумақ жыр жолдарымен бастап, барлық қатысушыларды құттықтап, мұғалімдердің еңбектерін жоғары бағалап, шынайы ықылас  білдірді. 

Әкім ұстаздар еңбегін шынайы бағалап: 

– Әр адам өмірінде жомарттық пен даналық, терең білім мен тәрбие негізінде рухани жетілдірген, жан-жақты дамытқан, жеке тұлға болып қалыптасуға үйреткен ұстазымыз бар. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтқандай, қай кезеңде болмасын тәлім мен тәрбие беру – ең ұлы мұрат. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тамыз конференциясы отырысында «Педагог – мамандық қана емес, бұл – ұлы миссия. Адам қандай жетістікке жетіп, биікке шықса да, ұстазының алдында өмір бойы шәкірт болып қалады» деп атап өткен болатын. Шынында да, ұстаздың еңбегі – ұлттың болашағына салынған іргетас. Бүгінгі жетістіктеріміздің бәрінде ұстаздың маңдай тері мен мейірімі, еңбегімен қамқорлығы бар», – деп,  сөзін жалғастырды. Әкім: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», – деп ұлы Абай сөзі қашанда өміршең,  қай кезеңде болмасын ұстаздық ету –  ең ұлы мұрат заман ағымына сай,  қазіргі уақытта жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жауапкершілігі   арта түскендігін атап, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгінің  адал да әділ азаматы мектеп қабырғасында тәрбиеленіп шығу қажеттігін үнемі айтып келе жатқанын естеріңізге саламын.

Соған сәйкес республика бойынша жайлы мектептер салу, педагогтердің мәртебесін арттыру жолында үлкен жұмыстар атқарылып жатыр.

«Жайлы мектеп» демекші, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы заманғы мектеп салуда біздің Ақмола облысы республика бойынша алдыңғы қатарда тұр. Бұған дәлел, қазір Ақмола облысында үш ауысымда оқитын және апатты жағдайда тұрған мектептер жоқ! Оқуға деген ынта болса, мектеп жайлы. Мұны ерекше атап айтқан жөн, – деді. 

Ақмола облысында жыл сайын өтетін республикалық түрлі байқаулар мен олимпиадаларда жеңімпаз болып жүрген ұстаздар қатары көбейіп келеді. Білім беру жүйесін үнемі жетілдіру, оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін енгізудің нәтижесінде облыстың  дарынды оқушылары халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалар мен байқауларда 243 медаль жеңіп алса, оның  57-сі – халықаралық деңгейдегі жүлде. 

Білім беру жүйесіне елеулі үлес қосып жүрген біраз мұғалімдерді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту  министрлігінің аталым бойынша  медальдары және облыс  әкімінің  Алғыс хаттарымен марапаттады. 

Сонымен қатар,   облыс әкімдігінің қаулысымен адал еңбегі мен кәсіби міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін педагогтерге жергілікті ерекшелік атақ  беру  дәстүрге сай, «Педагогтің адал еңбегі үшін» және  «Педагогтің кәсіби міндеттерін үлгілі орындағаны үшін» құрметті атағымен қатар  2-3  млн сомасында    қаржылай сертификатпен  екі ұстаз марапатталды.

Атап айтсақ, Степногорск қаласындағы №9 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қарлығаш Сүлейменова «Педагогтің кәсіби міндеттерін үлгілі орындағаны үшін» құрметті атағына ие болып, 3 млн 145 мың теңге көлемінде сертификатпен марапатталды. Ал Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы мектептің мұғалімі Жұлдыз Уәлиева «Педагогтің адал еңбегі үшін» құрметті атағына және 1 млн 966 мың теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды.

Бұл мереке – әрбір ұстаздың еңбегіне көрсетілген зор құрмет. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» дейді. Өйтсе, ұстаз – баршаға ортақ,  білім нұрын таратушы,  қоғамда маңызды рөл атқаратын тұлға.  

Жиын соңы   балабақшада білімнің нәрін еміп, мектепте іліммен сусындап жүрген  орта мектеп  оқушылары және Арқаның дүлдүлі Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері мен оқытушыларының   мерекелік концертіне ұласты.

Концертті жас ұрпақтың  ұстаздарына алғысын паш етіп, үйреткен ілімі мен   өнерін өз ұстаздарына есеп ретінде арнаған   шынайы құрметі десе болады.

 

Дахан ШӨКШИР,  Ақмола облысы

09.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 181
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 177

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18833
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18701
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33867
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32414
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36218