ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ЕЛ ІШІНДЕ

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ЕЛ ІШІНДЕ

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Президенті
Берік Әбдіғалиұлы Сарысу ауданына жұмыс сапарымен келді.

Референдумның мақсаты мен маңызын түсіндіру бойынша құрылған республикалық штаб мүшесі іссапар барысында ең әуелі аудан активімен кездесті.

– Кез-келген мемлекеттің басты байлығы – адам. Ал ел мүддесін қызғыштай қорғайтын мемлекеттік маңызы бар құжат — Конститутция. Осы ретте Мемлекет басшысының Ата Заңымызға түзетулер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық рефередум өткізу туралы ұсынысы қоғам арасында үлкен қолдау тапты. Бұл өз кезегінде «Жаңа Қазақстанды» қалыптастырудағы ең басты алғышарттардың бірі. Алдағы саяси науқанға атсалысу — азаматтық парызымыз. Ендігі саяси жүйе ел мүддесіне қалтқысыз қызмет қылатын болады, — дейді қоғам қайраткері өз сөзінде.

 

Сондай-ақ, келелі кездесуде тіл жанашыры, тарихшы Сарысу ауданына қатысты тың тарихи деректермен бөлісіп, ұлт мүддесі үшін күрескен ұлы тұлғалар туралы кеңінен баяндады.

Айта кетейік, атақты ғалым, саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебінің түлегі.

 

Сарысу ауданы әкімдігінің Баспасөз қызметі
17.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 18
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 28
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 38

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1010
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7058
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10904
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7127
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7269