«Адамның бір қызығы бала деген» деп Абай атамыз айтқандай, бала – біздің басты байлығымыз. Адам өмірінің мәні мен сәні – өсіріп отырған ұрпағы емес пе?! Бүгінгі ерке құлыншақтар – еліміздің ертеңі мен болашағы. Келер күннің айнасы.
Жас ұрпақтың болашағы жарқын болу үшін оларға бір күн ғана назар аударған жеткіліксіз. Олардың болашағы жарқын болуы үшін өмір бойы жұмыс істеген де артық болмайды. Бала – бақытты болу үшін жаралған. Ендеше, әлемдегі барлық бала балалық шақтың бал дәмін сезінсін, барлық ана, барлық бала бақытты болсын деп тілейміз!
Деген ұстанымды ұстанған Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова, бүгінгі "Шаңырақ" күнінде перинаталдық орталығына барып, ондағы жаңа туған нәрестелердің аналарына сый-сияпаттар жасады.
Ақиқатында бүгін елімізде «Шаңырақ» - отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған күн тойлануда. Ал, бүгінгі мерекеде басқарма басшысынан арнайы сый алған жас аналар алғыстарын білдіруде.
Осыған орай денсаулық сақтау басқармасының басшысы ана сүтімен тамақтандырудың пайдасы мен бала күтімі туралы әңгіме айтып, дәрігерлік кеңестер берді.
Ия, қазіргі таңда еліміздің демографиялық көрсеткіші жыл санап артып келеді. Соның арқасында 2023 жылы Қазақстан халқының саны 20 миллион адамға жетті. Көпбалалы отбасылар демографиялық ахуалымызды көтеруге үлкен үлес қосып отыр. Өз кезегінде ел Үкіметі түрлі қолдау шараларын ұсынып отыр