Халықаралық «Ұлы дала жорығы» басталды.

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» басталды.

 

Бүгін Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі басталды. Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Ботай қонысымен Астана арасын жалғайтын жорық, 500 шақырымды құрайды. Оған шет мемлекеттерден 8 команда қатысып жатыр. Отандық командалардың саны 9.

        «Amanat» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев Халықаралық «Ұлы дала жорығының» ашылу салатанатында сөз алып, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «Amanat» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың құттықтау хатын оқып берді.

«Ұлы дала төсінде өтетін көшпенділердің ұлан-асыр мерекесінің басы – осы «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінен басталады»,- делінген хатта.

Бұл жорыққа Оңтүстік Африка, Иран, Түркия, Қырғызстан, Қарашай-Шеркеш, Қабардин-Балқар, Татарстан, Мажарстан елінен келген командалар қатысып жатыр.

Ел намысын Маңғыстау облысының қос командасы, Жетісу облысы, Алматы қаласы, Жамбыл, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облысының командалары қорғайды.

Тұңғыш рет өтіп жатқан жорыққа елімізден қос бірдей қыздар командасы қатысуда. Бірі Маңғыстаудан келген «Суын» командасы болса, екіншісі Ақмола облысының «Томирис» командасы. Ақмоланың арулары бұған дейін республикалық марафон-бәйгеге қатысқан, тәжірибе жинаған.

Халықаралық «Ұлы дала жорығын» ұйымдастырушылар бұл жолы қазақы тұқымдарға ерекше мән берді. Сол себептен Адай, Найман, Көшім, Әулие ата, Қостанай, Жетісу арғымағы тұқымдары осы жарысқа қатысып жатыр.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, бұл Жорық өркениеттің тал бесігі Ботайдан басталуына ерекше тоқталды. «Себебі Ботай ең алғаш жылқы қолға үйретілген жер. Сол себепті тарихи мекеннің маңызы осындағы барша қатысушыларға құнды деп есептеймін»,-деді.

      Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бастауы болды.

Еске сала кетейік, Республикалық «JORYQ» ат спорты федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге «Көкпар», «Бәйге», «Садақ ату», «Теңге ілу», «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Құсбегілік», «Асық ату» және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын Исламбек Салжанов басқарады.

Атап өтейік, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

 

 

03.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕТІСАЙДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 13.01.2025 27
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 13.01.2025 23
 ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – БАСТЫ БАҒДАР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 13.01.2025 61
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ ТҰРАҚТЫ ЖАЛҒАСАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 13.01.2025 28
ШАРДАРАДА «МАРАФОН-2025» СПОРТТЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 11.01.2025 55
«БІР ҚАЙНАУЫ ІШІНДЕ ЖАТҚАН»  ПАРЛАМЕНТ
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 11.01.2025 255
АТЫ КОЛЛЕДЖ БОЛҒАНЫМЕН, ЗАТЫ ИНСТИТУТ
Жандос ОМАРОВ, Жамбыл облысы, Қордай ауданы - 09.01.2025 336
БАР  ЖАМАНДЫҚ ЕСКІ  ЖЫЛМЕН КЕТСІН!
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 09.01.2025 250
ЖАСЫН ҒҰМЫР (Абайдың өнегелі інісі Халиолла Құнанбайұлы туралы)
Әсет МЕДЕУХАНҰЛЫ, журналист, өлкетанушы, Абайтанушы, Абай облысы Абай ауданы, Қарауыл ауылы - 09.01.2025 232
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 1582
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 2060

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12833
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11714
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 14952
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 13893
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 18916