Халықты елдікке үндеп, бірлікке шақыруымыз қажет – Б. Сапарбаев

Халықты елдікке үндеп, бірлікке шақыруымыз қажет – Б. Сапарбаев

 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезі өтті.

Облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаев бастаған жамбылдық делегаттар шараға онлай режимде қатысты.

Съез барысында «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту туралы шешім қабылданып, партияның саяси кеңесінің құрамы өзгерді.

Мемлекет басшысы партия жұмысын жаңғырту бойынша біқатар басым міндеттерді айқындап берді.  Сондай-ақ, орталыққа тәуелділікті жою және партия аппаратының тиімділігін арттыру, Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракциялардың қызметін жандандыру, депутаттық фракциялар диалог алаңдарын ұйымдастыру арқылы нақты нәтижеге қол жеткізуі, ашықтықты арттыру және тағы да басқа маңызды бағыттар бойынша партияның негізгі бағыттарына тоқталып, нақты тапсырмалар жүктеді.

Жиыннан соң жамбылдық делегатттар съезде көтерілген мәселелерді саралады.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев жұмыла жұмыс жасаудың маңыздылығын атап өтті.

– Мемлекетт басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, біз әрқайсымыз атқарылып жатқан жұмыстарды, мемлекеттің саясатын, оң өзгерістерді қолдап, басқаларға жеткізуге, көпшілікке насихаттауға атсалысуымыз керек. Бұл істен партия белсенділері,  мәслихат депутаттары да сырт қалмауы тиіс.

Атақырылып жатқан жұмыстар аз емес. Бәрін жоққа шығаруға болмайды.

Біз ел азаматтары бір-бірімізді қолдап, қорғауымыз керек. Әлеуметтік желіде әрнерсені жаза бермей, елдікке үндеп, бірлікке шақыруымыз қажет.  Барды бар деп айтатын кезде көбіміз бұғып қалып жатамыз. Азаматтығымызды, патриоттығымызды, отансүйгіштігімізді көрсетпейміз.

Біздің бір ғана Отанымыз бар. Осы елімізді, өңірімізді дамыту жолында өз үлесімізді қосу үшін, әрбіріміздің аянбай еңбек етуіміз маңызды.

Ата-бабаларымыздан келе жатқан құндылықтарымызды, игі дәстүрімізді үзбей, жалғастырып, келешек ұрпақ алдындағы борышымызды да ұмытпайық. Қазіргі жастарға заманауи, жан-жақты білім, тәрбие беріп, олардың сапалы қалыптасуына барлық жағдайды жасауға тиіспіз.

Бұл ата-бабаларымыздың бізге жүктеген мерейлі міндеті, асқақ аманаты,-дей келе облыс әкімі партия филиалының жұмысын нығайту,  партиялықтардың қатарын арттыру, мүшелікке беделді  азаматтарды тарту, қоғамдық қабылдауларды нәтижелі ұйымдастыру бойынша жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеп, баршаны бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Өз кезегінде басқа да делегаттар ҚР Президенті жүктеп отырған міндеттер партия жұмысына серпін беретінін айтты.

– Партияның атауы өзгертіліп, бүгін Аманат партиясы болып аталды. Бұл атаудың өзі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан соған сай болу үшін  барлық партия мүшелері аянбай жұмыс істеуі керек деп ойлаймын.

Халықтың арасында көбірек болып, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу қажет. Ол үшін экономикаға барынша көңіл бөліп, жаңа жұмыс орындарын құру керек,-деді  Қазақстанның Еңбек Ері, облыстық мәслихат депутаты Мұқаш Ескендіров.

– Бүгінгі кезектен тыс сьезде көп мәселе айтылды. Біріншіден бастауыш партия ұйымдарының беделін нығайту, одан бөлек фракциямыздың белсенділігін арттыру – басты талап болып отыр,-дейді партия Жуалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Нарымбетов.

 

Жамбыл облысы әкімдігі
01.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 96
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 106
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 201
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 201
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 338
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 340
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 567
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 514

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9217
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8613
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11839
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9609
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10822