ЫНТАЛЫ ТОП: ТӨЛЕ БИ АУЫЛЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗУДЕ

ЫНТАЛЫ ТОП: ТӨЛЕ БИ АУЫЛЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗУДЕ

Дәл қазір Шу ауданы Төле би ауылындағы Аманат партиясының мәжіліс залында АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдумды өткізуді түсіндіру мақсатында Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев төрағалық етуімен,зиялы қауым өкілдері, облыстық ардагерлер ұйымының төрағалары кездесу өтуде.
🔹 Жиын барысында Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Махметғали Сарыбеков:
- Еліміздің болашағы үшін әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуы тиіс. Атом электр станциясы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы қажет. Өздеріңіз білесіздер референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл еліміздің әрбір азаматының жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті.
Атом электр станциясын салу және пайдалану өңірлерде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, бұл дегеніміз жұмыссыздықты азайтуға және халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпалы тиеді. Қазіргі баршамыздың міндетіміз еліміздің жарқын болашағы үшін алдағы 6 қазан күні өтетін референдумға қатысып, өзіміздің дұрыс таңдауымыз екендігін айтып, нақты дәлелдермен түсіндіріп өтті.
Содан соң, қоғам белсендісі, Қасымхан Төлендиев мырза жиында АЭС салудың артықшылықтары мен тиімділігі туралы түсіндіріліп, дамыған елдердің АЭС салу тәжірибелері, елдің экономикалық әл-ауқатының артуы мен ғылымның дамуы жайында айтты.
💡 Сонымен қатар, атом электр станциясын салу еліміз үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашатыны айтылып, референдумда әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін жеткізілді.
💡 Жиын соңында, жиналғандар тарапынан атом электр станциясының халыққа пайдасы мен зияны туралы және қай жерде салынатыны жөнінде сауалдарын қойып, дәйекті жауаптар берілді.

27.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 78
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 600
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 717
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 629
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 639

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8776
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8176
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11405
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9159
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10390