Жадымызда жаңғырған Жеңіс күні

Жадымызда жаңғырған Жеңіс күні

Кешегі тарихын ұмытпаған елдің ғана болашағы жарқын болады. Бүгінгі бейбіт күнге жеткізген майдангерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

 

 Талас ауданының халқы жыл сайын 9 мамыр – Жеңіс күнінде майдан даласында мерт болған сарбаздарды еске алып, оларға тағзым жасауды естен шығарған емес.

 

Бұл дәстүр биыл да жалғасын тауып, аудан тұрғындары, соғыс және еңбек ардагерлері Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың құрметіне қойылған орталықтағы «Мәңгілік алау» алаңына гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

 

Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Егемен Қазақстанымыздың тәуелсіздік тұғырында берік, еңсеміздің биік болуы да осынау қан майданда жанқиярлықпен күреске түскен ардагерлеріміздің арқасындағы жеңісіміздің жемісі.

 Өткеніміз тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

 

Дархан Баймбетов, Қаратау қаласының әкімі
09.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5235
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5394
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20358
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18994
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22459