«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Болашақ – өскелең ұрпақ қолында. Сондықтан бүгінгі біздің бүкіл қамқорлығымыз оларды қорғауға, тәрбиелеуге, жайлылығына, бақытты болуына бағытталуы тиіс. Бұл тізімде лайықты білім де алдыңғы қатарда тұрады. Мемлекет басшысы өз сөздерінде білім сапасын арттыру үшін шешуші шаралар қабылдау қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Мәселен, 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асырылатынын мәлімдеді.
Жоба аясында 2023-2025 жылдар аралығында 401 мектеп салынып, оларда 800 мың оқушы орындары болады. Жалпы алғанда, мектептердің құрылысына 2,6 трлн.теңге бөлінеді деп айтылған еді. «Жайлы мектеп» жобасының мақсаты – мектептердегі орын тапшылығын болдырмау, апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесін түбегейлі шешу. Бір айта кетерлігі, бұл жоба бүкіл елмен бірге Қордай өңірінде де қолға алынбақ.
Үш жағдайлы мектеп құрылысының басталуы қордайлықтар үшін жағымды жаңалық болғаны рас. Осылайша, жақын болашақта Қордай, Қарасу және Қаракемер ауылдарында жаңа білім ошақтары пайда болады деп күтілуде.
Аудан орталығында 900 орындық мектеп құрылысы басталады, Қарасуда ауыл балалары 300 оқушыға арналған жаңа білім мекемесінде білімнің алуға мүмкіндік алып, Қаракемерде 300 орындық жаңа мектеп салынады.
Қаракемер мен Қарасуда жоба 2023-2024 жылдары жүзеге асырылады деп күтілуде. Аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі мәліметінше, қазіргі уақытта Қордай ауылында мектеп құрылысын жүргізетін мердігер мекемені анықтау процесі жүруде. Қарасудағы 300 оқушы орындық мектеп құрылысын «Тараз Констракшн Инвест» ЖШС жүргізеді, Қаракемер ауылындағы мектептің құрылысына «Тараз Строй 2004» ЖШС жауапты. Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен жүзеге асырылып жатқанын атап өту керек.
Тағы бір маңызды жайт, жергілікті атқарушы органдарға сыртқы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелерін шешу тапсырылды.
Мектептер барлық стандарттарға сай болады деп күтілуде. Білім ордаларында зертханалар, компьютерлік сыныптар, спорт залы және т.б. болады. «Жайлы мектеп» заманауи интерьермен безендіріледі.
е реакции:
 
 
Қордай ауданының әкімдігі
16.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 125
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 320
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 313
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 936

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9008
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8403
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11629
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9387
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10613