Жайылма ауылдық округінің құрылғанына 30 жыл

Жайылма ауылдық округінің құрылғанына 30 жыл

Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиевтің халық алдындағы есепті кездесуі Жайылма ауылдық округінде жалғасты.

Кездесу жиынның күн тәртібіне сай, әуелі округ әкімі Жандарбек Смағұлов тұрғындар алдында жыл ішінде атқарылған жұмыстар бойынша қысқаша хабарлама жасады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, шатқаяқтаған шаруадан, ауылда атқарылған жұмыс көп. Төрт мыңға жуық тұрғыны бар ауылдық округтің тұрмысы жыл санап түзеліп келеді. Мәселен, былтыр ауылды көріктендіру және көгеріштендіру жұмыстары бойынша 3 340 түп жасыл желек отырғызылған.  

Осылайша «Жасыл белдеуге» бағыт алған ауылдың инфроқұрылымы да жергілікті тұрғындарға жайлы өмір салтын қалыптастыруда. Оның бір дәлелі, округтегі 25 көшенің 20-сына асфальт жабындысы төселген. Қалған 5 көшені жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленіп, биыл бюджетке ұсыныс берілген.

 

Есепті жиында аудан басшысы барлық салалық бағыт бойынша аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды кестелік көрсеткішпен сөйлетті. Оның ішінде: инфроқұрлым, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, медицина және білім мен мәдениет салаларының барлығы қамтылды. 

 

Жиынның жүргізілу тәртібіне сәйкес, есепті кездесудің соңы сұрақ-жауап форматында өтті. Осы ретте өріс жайып мал баққан, егіс егіп нан тапқан ауыл шаруаларының сұрауы - суармалы су мәселесі. Есепті жиынға қатысқан тұрғындарды толғандырған сұраққа аудан басшысы ашық жауып берді. 

 

- Әуелі игерілусіз жатқан жайылымды жер бойынша келер болсақ, аудандағы орман шаруашылығына өтіп кеткен 147,0 мың га  жердің 68,0 мыңын қайтару бойынша жұмыстарға қол қойылды. Ал, мал-жанын сатып, шаруашылықтан қол үзген азаматтардың игерілусіз қалған жерін қайтару жұмыстарының заңдылықтары қарастырылуда. Сондай-ақ, жасыратыны жоқ, биыл жерге ылғал түспеді. Бұл да қуаңшылыққа әкеліп соғатынын жақсы түсінесіздер. Бірақ, мал азығынан шашау шықпады. Малымызды қорада қамап ұстаған жоқпыз. Қысы-жазы жайылымда жүрді. Облыс басшысы Бердібек Машбекұлының тапсырмасына сай, Таластың суын қос аудан теңдей бөліп ішеді, - деді аудан басшысы өз жауабында.

 

Жиынды қорытындылаған ауыл ақсақалы Тобақабыл Қажыкенов аудан және ауыл әкімдерінің тынымсыз тірлігіне ризашылығын білдіріп, барша ауыл ақсақалдарының атынан ақ батасын берді.

 

 

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
04.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 98
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 109
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 201
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 201
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 340
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 340
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 567
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 515

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9217
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8613
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11839
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9609
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10822