Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы 90- мерейтойлық концерттік маусымының жабылу салтанатын өткізеді

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы 90- мерейтойлық концерттік маусымының жабылу салтанатын өткізеді

Алматы қаласы - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы өнерсүйер қауымды ағымдағы шығармашылық жылдың ең ауқымды мәдени оқиғасына шақырады. Жақын күндері филармонияның Үлкен залында 90-мерейтойлық концерттік маусымның салтанатты жабылуы өтеді. Осы айтулы шығармашылық кезеңнің шымылдығы қазақ кәсіби музыкасының негізін қалаушы, көрнекті композитор, академик Ахмет Жұбановтың 120 жылдық мерейтойына арналған «Во имя музыки» атты монументалды бағдарламамен жабылады.

Бұл салтанатты шара - филармонияның тоғыз онжылдық тарихы бар шығармашылық еңбек жолын қорытындылап, ұлттық музыкалық мұра мен әлемдік классиканың інжу-маржандарын бірегей арнада тоғыстыратын мемлекеттік деңгейдегі жоба.

Ресми бағдарлама басталмас бұрын филармония фойесінде мәдениет саласының хас шебері Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылық қызметіне арналған ресми фото-көрменің ашылуы өтеді. Сонымен қатар, шақырылған ресми қонақтар, өнер қайраткерлері мен БАҚ өкілдері үшін арнайы мерекелік фуршет ұйымдастырылады.

Сахна саңлақтары мен орындаушылар:

Салтанатты кеште филармонияның жетекші солистері - халықаралық және республикалық деңгейде танылған майталман музыканттар өнер көрсетеді:

  • Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Аида Аюпова (скрипка), Жанар Сулейманова (фортепиано), Гүлнара Құрамбаева (фортепиано), Ермек Құрманаев (виолончель);
  • «Құрмет» орденінің кавалері: Ерекебұлан Сапарбаев (скрипка);
  • «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері: Динара Базарбаева-Сахаман (скрипка);
  • Мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері: Мақпал Қазыбекқызы (дәстүрлі ән);
  • Мәдениет қайраткері: Ержан Әлімбетов (домбыра);
  • Мәдениет саласының үздіктері: Мұса Керімбаев (виолончель), Әділ Несіпбаев (орган, фортепиано);
  • Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары: Федор Артамонов (виолончель), Майа Сепп (фортепиано), Біржан Бәзілжан (дәстүрлі ән), Салауат Кәрібаев (виолончель), Алияр Өтетлеу (фортепиано), Ауезхан Исахан (дәстүрлі ән).

Концерттің репертуарлық мазмұны:

Кештің шығармашылық бағдарламасы жанрлық жан-жақтылығымен және академиялық тереңдігімен ерекшеленеді. Тыңдармандар назарына Ахмет Жұбанов пен Ғазиза Жұбанованың алтын қорынан алынған классикалық туындылар, отандық авторлардың шедеврлері мен батыс композиторларының туындылары ұсынылады:

  • А. Жұбанов – «Қызыл қайың серпер», «Романс», «Ария» және №6 «Тәжік биі»;
  • Ғ. Жұбанова – Үш прелюдия, «Мерекелік күй»;
  • Классикалық мұра: Г. Ф. Гендель – Й. Хальворсеннің скрипка мен viолончельге арналған «Пассакалиясы», П. Чайковскийдің «Пеццо каприччиозо» шығармасы;
  • Ұлттық нақыш: Халық күйі «Ақсақ құлан», И. Байзақовтың «Желдірмесі», Майраның «Майрасы», Нартайдың «Илигайы»;
  • Заманауи туындылар: Ғ. Несіпбаев, А. Бестыбаев («Азия даусы» органға арналған транскрипциясы), М. Сағатов, Е. Брусиловский, Н. Меңдіғалиев («Домбыра туралы аңыз»), А. Жайым және К. Күмісбековтің мұрасы.

12.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25816
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25270
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42677
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38514
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43074