Жамбыл ауданында алақандай ауылға ауызсу келді

Жамбыл ауданында алақандай ауылға ауызсу келді

Ауданымызда алақандай ауылдарға ауыз су құбыры қолданысқа беріліп, тұрғындар тіршілік нәріне қол жеткізуде. Бүгінде облысымызда ауыл-аймақты ауызсумен қамту жұмыстарына баса назар аударылып отыр. 2025 жылы аймақта ауызсумен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайтын болады. Тіршілік нәрінен ат төбеліндей ауылдар да тыс қалмағаны қуантады. Мысалға, Жамбыл ауданы, Тоғызтарау ауылдық округіне қарасты Құмсуат ауылында бас-аяғы 18 түтін ғана бар. Тұрғындар саны 50-ден асады. Ауыл болып 1968 жылы құрылған елді мекен 55 жыл бойы сапалы ауызсу жүйесіне қосылмаған. Бірақ ағымдағы жылы ауыл азаматтарының кездесуде аудан әкіміне айтқан өтініші негізнде ауыз сумен қамтуға жеке модульдік қондырғы орнатылылып, күні кеше ел игілігіне берілді.
Ауыл жұртшылығы мұндай жұмыстарды оң бағалап отыр.  – Балалық шақтан қартайған күнге дейін құдықтан су ішіп, болмаса тасып әкеліп пайдаландық. Айдаладағы ауыл болғасын мұнда ауыз су жүргілетінін үш ұйықтасақта көрмеппіз. Осы жылы ауылға ауызсу жүргізілетінін естіп, жұрт болып қуандық. Міне бүгін алғашқылардың бірі болып, шелегімді суға толтырдым. Су бергеннің сауабы, төккеннің жауабы бар дейді. Осындай істі қолға алған басшыларға алғысымызды білдіреміз, — дейді ауыл азаматы Өмірхан Отаров.  Жалпы Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлының айтуынша, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша өңірде ауыз су мәселесі шешімін тауып келеді. Өңірдегі 42 елді мекеннің 34-де орталықтандырылған ауыз сумен (80,9%) немесе жалпы тұрғындардың 83,7% (73 778 адамы) ауыз сумен қамтылған. Биыл Құмсуат ауылы секілді шағын, тұрғындары аз Көлқайнар, Әуликөл, Сенгірбай ауылдарына жеке модулдік қондырғы арқылы ауызсу қолданысқа берілген екен. Ауданның алдағы уақытқа да жоспары да бар. Биыл 4 елді мекен ауыз сумен қамтылады.. Нәтижесінде, аудандағы ауыз сумен қамтылған елді мекен саны 38-ке жетіп, қамтылу деңгейі 90,4%-ға жетеді. Қамтуды қажет ететін қалған Жаңа өткел, Бектөбе-Қызылшарық, Жұма, Ерназар, Өрнек ауылдарына тиісті құжаттар әзірленуде.

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ, Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы
12.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 68
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 177
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 181
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 398
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 361
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 979

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9056
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8452
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11680
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9443
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10660