Жамбыл ауданында аспалы көпір ашылды

Жамбыл ауданында аспалы көпір ашылды

Жамбыл ауданы Аса ауылындағы темір жол станциясы арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір пайдалануға берілді. Бұл ауыл халқының көптен күткен қуанышы еді. Себебі, тұрғындар 30 жылдан аса 6 жолақты теміржолды төтесінен кесіп өтіп, қатынауға мәжбүр болған.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ауданға жасаған жұмыс сапарында аталған нысанның сапасын тексерді.

13 мың тұрғыны бар Аса ауылын теміржол станциясы екі бөліп тұр.

Ауыл тұрғындары үшін аспалы көпірде барлық қауіпсіздік шаралары мен жаяу жүргіншілер жолағы қарастырылған. Биіктігі – 6 метр, ұзындығы – 41 метрді құрайды.

Ербол Қарашөкеев аспалы көпірді күтіп-ұстау мәселесіне көңіл бөліп, аудан әкіміне тұрақты бақылау жүргізуді тапсырды.

- Балалар қауіпсіздігі - басты орында. Ауыл тұрғындарының өтініші ескеріліп, аспалы көпірдің құрылысы жүргізілді. Енді асалықтар орталыққа алаңсыз қатынайтын болады, – деді облыс әкімі.

Аса ауылы тұрғындарының атынан Әбдітәліп Омаров сөз алып, ризашылығын білдірді.

- Ұзақ жылдан бері осы мәселені көтеріп келдік. Міне, бүгін көптен күткен арманымыз орындалып отыр, – деді зейнеткер.

Айта кетейік, аспалы көпірдің екі жақ бөлігіне арнайы жеделсаты қойылған. Оны денсаулығына қатысты шағымы бар қариялар және мүмкіндігі шектеулі азаматтар пайдалана алады.

Жамбыл облысы әкімдігі
06.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.12.2024 100
АУДАНДА БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2024 60
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 167
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 147
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 561
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 529
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 549
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 547
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 543
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 560
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 547

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9791
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9163
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12400
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10167
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11376