ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА БИЫЛ 6 ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА БИЫЛ 6 ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Ерлан Қыдыралыұлы айтып берді. Оның мәліметінше, ауданда тұрғын үй кезегіне 1 445 адам тіркелген. Былтыр «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде 5 қабатты 76 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көп балалы аналар 5 тұрғын үй алды. «Бақытты отбасы» бағдарламасымен 4 тұрғын үйдің сертификаты табысталды.
©️©️©️
«Енді 2022-2023 жылдары 80 пәтерлі 4 үйдің құжаттамалары қаржыландыруға ұсынылды. Қосымша 2023-2024 жылдарға 2 тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Осы 6 тұрғын үй пайдалануға берілсе, кезектілік 33,5%-ға төмендеп, 480 адам баспанамен қамтылады. Сонымен қатар «Асар» жобасымен жағдайы төмен отбасыларға арнап 7 үйдің құрылысын бастадық. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде 20 маманға тұрғын үй алуға қаржы бөлінді», — деп атап өтті ол.
Спикер ауданда жер телімін алуға 11 590 адам кезекте тұрғанын да атап өтті. Былтыр 7 елді мекеннің жаңа тұрғын үй алқабына электр желісін, су, газ тарту жұмыстары жүргізіліп, кезектілікке сәйкес барлығы 1 081 жер учаскесі берілген. Биыл Аса ауылында кезекте тұрған 811 адамға жер телімін беру үшін жаңа тұрғын үй алқабына электр желісін тарту мен қиыршық тас жолы төселуде. 3 елді мекендегі кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй құрылысына жер телімін беруге жерді аудан әкімдігінің теңгеріміне алу мақсатында тиісті жұмыстар ұйымдастырылып жатыр.

Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі
25.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5202
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5360
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20325
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18961
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22425