ЖАМБЫЛ ИНДУСТРИАЛДЫ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ЖАМБЫЛ ИНДУСТРИАЛДЫ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжін 6 мамандық бойынша 147 студент аяқтады. Оның ішінде 122 cтудентке біліктілік санаттары беріліп, студенттер «Модульдік оқыту» жүйесінің нәтижесінде екі біліктілік санаттарын алды. Мысалы: наубайшы-кондитер, автомобиль жөндеу слесарі – автоэлектрик.
📌Колледжді бітірген 38 түлек Отан алдындағы парызын өтеуге әскер қатарына қабылданса, 12 түлек жоғарғы оқу орындарында білімдерін одан әрі жалғастырмақ.
✅Қалған 97 түлектің 22-і яғни 23%-ы диплом алу рәсімінде 14 компанияға жұмысқа қабылданды.
🖇️Жұмысқа қабылданған студенттер білім алу барысында «Дуальды оқыту» және «Мақсатты білім беру гранттары» негізінде кәсіпорындар базасында өндірістік тәжірибеден өтіп, өңірдегі жұмысшы мамандықтарға деген қажеттіліктерді қанағаттандырып отыр. Атап көрсетер болсақ: «Энерджи-Тараз», «Taraz in Trade», «ArtMetal», «Карпаты», «ABAYAS», «AUTO-CITY», «Десерт», «КЭМА», «Жан-Ай», «Нұрса», «Курманбеков», «Белоусова», «Канибетов», «Дуйсеналиев» компаниялары.
✅Колледж басшылығының мәліметіне сәйкес бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру шаралары үздіксіз жыл бойы жүргізілетін болады, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 90%-ға жеткізу көзделген. Былтырғы жылы бітірген түлектердің 89,6% -ы тұрақты жұмыстармен қамтылған.
🖇️Іс-шара барасында колледждің «Үздік педагог», «Үздік шебер», «Үздік студент» анықталып, марапатталды.
Жамбыл облысының білім басқармасы
25.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 547
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 550

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20870
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20655
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35788
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34309
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38190