Жамбыл облысы тұрғындарының 81 пайыздан астамы сақтандырылған

Жамбыл облысы тұрғындарының 81 пайыздан астамы сақтандырылған

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен (бұдан әрі — МӘМС) қамтуды арттыру барысы қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ облыстық филиалының директоры Ғайни Аймағанбетова мен денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерік Мұсабаев баяндама жасады.

Жамбыл облысының 1 млн. 223 мыңнан аса халқы бар. Оның 81,6 пайызы (956 968 адам) МӘМС-пен қамтылған, ал 17,6 пайызы (216 373 адам) сақтандырылмаған. Тұрғындардың 4 пайызы (49 808 адам) емханаға тіркелмеген.

2024 жылдың 29 қазанындағы жағдай бойынша сақтандырылмағандар саны 259 584-тен 216 373 адамға кеміді. Яғни, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде бұл көрсеткіш 43 211 адамға немесе 16,6 пайызға төмендеп отыр.

Басқосуда сақтандырылмаған азаматтардың үлесі жоғары аудандардың әкімдері есеп беріп, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Бұдан бөлек, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Жанат Жұмаділова, полиция департаменті көші-қон қызметі басқарма бастығының орынбасары Жарас Сәтбергенов көтерілген мәселе бойынша хабарлама жасады.

Ербол Қарашөкеев азаматтарды медициналық сақтандырумен қамту бойынша нәтижені әлі де арттыру қажеттігін баса айтып, заң аясында тиісті шаралар қабылдауды талап етті.

«Бос сөз емес, нақты нәтиже керек», — деп жиынды түйіндеген облыс әкімі жауаптыларға жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша 2 апта ішінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Жамбыл облысы әкімдігі
12.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 43
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 574
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 688
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 602
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 611

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8748
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8148
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11377
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9131
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10362