Жамбыл облысында 2 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды

Жамбыл облысында 2 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов облыс прокуратурасы жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі сараптамалық кеңестің бірлескен отырысына қатысты.

Жиынға облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, кәсіпкерлер палатасы мен салалық басқармалардың өкілдері, кәсіпкерлер қауымдастығының сарапшылары қатысты.

Нұрғалым Әбдіров кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

Ағымдағы жылы прокуратура органдары 101 қадағалау актісін енгізген десек, нәтижесінде 2258 кәсіпкердің құқығы қорғалған. Салық, жер, әкімшілік заңнама, мемлекеттік сатып алу салаларында заң бұзушылықтар анықталған. Салық органдары мен атқарушы өндірістердің 538 актісінің күші жойылып, бизнес-қоғамдастық өкілдеріне 196 млн. теңге төленді. 29 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылса, оның 6-ы  басшылық құрам қатарынан.

Прокуратураның кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі мобильді топтарына 27 өтініш түскен. Кәсіпкерлік субъектілерін қылмыстық үдеріске заңсыз тарту фактілеріне ерекше назар аударылады.

Басқосу барысында мектеп асханаларының жұмысын қамтамасыз ететін кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз мониторинг жүргізу, делдалдар арқылы суару суының тарифтерін шамадан тыс көтеру, «Қоғамдық бақылау – тексеруді талап ету» пилоттық жобасын жүзеге асыру барысында жіберілген заң бұзушылықтар, ШОБ субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері талқыланды.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бірлесе отырып, бюрократиялық кедергілерді жою шараларын жалғастыру қажет. Кәсіпкерлер өз жауапкершіліктерін ұмытпауы керек.

Біз диалогқа әрқашан дайынбыз. Айталық, «Бизнеске арналған үкіметтің» фронт-офисінде үш айда 400-ге жуық кәсіпкерді қабылдадық.

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында қолдау шараларына 13 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға қосымша 30 миллиард теңге бөлінді.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша жұмыстар бизнес-қоғамдастықпен тығыз байланыста жүргізілуде,- деп түйіндеді Нұржан Нұржігітов.

Жиын қорытындысымен анықталған мәселелерді шешу бойынша ұсынымдар әзірленді.

Жамбыл облысы әкімдігі
10.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 55
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 100
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 101
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 209
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 214
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 429
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 392

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9084
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8483
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11711
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9477
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10692