Жамбыл облысында 2023 жылы 9 спорт кешені пайдалануға берілді

Жамбыл облысында 2023 жылы 9 спорт кешені пайдалануға берілді

Жамбыл облысында өткен жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 9 спорт нысанының құрылысы жүріп, пайдалануға берілді.

Атап айтсақ, Жамбыл ауданында 2 спорт кешені, Шу ауданы 1, Т.Рысқұловта 2, Қордайда 2, Жуалыда 1 спорт кешені бой көтерді. Сонымен қатар, Тараз қаласы Құмшағал алқабына жергілікті бюджеттен 1 спорт кешенінің құрылысы жүзеге асты.

Күндігіне 180 және 240 адамға дейін қабылдайтын спорт нысандарында дзюдо, бокс, баскетбол, волейбол, футбол сынды үйірмелер жұмыс істеуде.

Айта кету керек, ағымдағы жылы облыста 13 спорт нысаны пайдалануға беріледі.

Ол бойынша бүгінде Жамбыл ауданындағы Қаракемер, Өрнек ауылдары, Мойынқұм ауданындағы Айдарлы ауылы, Т.Рысқұлов ауданындағы Р.Сабденов ауылы, Жуалы ауданындағы Б.Момышұлы ауылында, Қордай ауданындағы Қарасай ауылында, Меркідегі Сарымолдаев және Андас батыр ауылдарында, Жамбыл ауданындағы Бесағаш ауылында, Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылында, Талас ауданындағы Ойық ауылында, Т.Рысқұлов ауданындағы Жаңатұрмыс ауылында, Жуалы ауданындағы Ертай аулында спорт нысандарының құрылыстары қолға алынған.

Жамбыл облысы әкімдігі
05.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 74
ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» КОМАНДАСЫ ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 58
МАҚТААРАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 84

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1224
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7269
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11133
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7332
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7480