Жамбыл облысында 2025 жылға дейін жалпы көлемі 1 трлн. 900 млрд. теңге болатын 60 ірі инвестициялық жоба жүзеге асады

Жамбыл облысында 2025 жылға дейін жалпы көлемі 1 трлн. 900 млрд. теңге болатын 60 ірі инвестициялық жоба жүзеге асады

Жамбыл облысында 2022 жылы жалпы өңірлік өнім 2 трлн. 749 млрд. теңгеге жеткен. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Облыс әкімінің  айтуынша, ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысымен өңірдегі экономикалық өсім 103 пайызды құрады.

«Мемлекет басшысының алға қойып отырған басым міндеттерінің бірі – өнеркәсіпті дамыту және инвестиция тарту десек, ағымдағы жылдың осы жылдың төрт айында өңірге 89,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, көрсеткіш 7,4 пайызға өскен.

Жалпы, биыл Жамбыл облысына 572 млрд. теңге инвестиция тартуды көзделуде. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 85,4 млрд. теңгеге 491 жұмыс орнын құрайтын 21 инвестициялық жоба іске асырылады деп күтілуде. Ал, 2025 жылға дейін 1 трлн. 900 млрд. теңгеге 4 мың жұмыс орнын құра отырып, 60 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда»,-деді Нүржан Нұржігітов.

Сонымен қатар, жуырда ғана Жамбылда өткен «ZHEIF-2023» халықаралық экономикалық және инвестициялық форумы аясында отандық компаниялар мен шетелдік инвесторлар арасында 17, оның ішінде шетелдік 5 ірі компаниямен 700 млн. АҚШ долларына, 12 компаниямен 96,5 млн. АҚШ долларына келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды.

Форумға дипломатиялық корпустың 20 өкілі қатысып, өзара ынтымақтастық бөлігінде келіссөздер жүргізді.

Форум шеңберінде екі кәсіпорын, бір демалыс орталығы өз жұмыс бастаса, бір зауыттың іргетасы қаланды. Бұдан бөлек, бірқатар шетелдік және отандық инвесторлармен кездесіп, электр энергиясы бойынша 3, инфрақұрылым тарту 4, жер мәселесі 5 және газ тарту бойынша 2 жоба оң шешімін тапты.

Сондай-ақ, облыстың күн, жел және су арқылы электр станцияларын салуға әлеуеті өте жоғары десек, бұл ретте Мемлекет басшысының бастамасымен облыста бірқатар ірі жобалардың іске асуы жоспарлануда. Атап айтқанда, франциялық «Total Eren» Біріккен Араб Әмірлігінің «Masdar» және «Kidf», қытайлық «State Power Investment Corporation» компаниялары ауқымды жел электр станцияларын (1 ГВт) салуға ниет білдіріп отыр.

Жамбыл облысы әкімдігі
25.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 160
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 166
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 380
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 348
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 963

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9041
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8438
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11666
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9427
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10646